[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/938815?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдің Париж келісімі аясында қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес 2035 жылға дейінгі жаңартылған Ұлттық деңгейде айқындалатын үлес (ҰДАҮ 3.0) жобасын әзірлеу жұмысын жалғастыруда. ҰДАҮ 3.0 әзірлеу – тұрақты дамуға және ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам.
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, ҰДАҮ 3.0 қалыптастырудың негізгі аспектілерін талқылады. Талқылауға NDCP, UNDP, UNITAR, UNICEF, FAO, GIZ және ССАС өкілдері қатысты. Олар құжатты әзірлеуге сараптамалық және техникалық қолдау көрсететін болады.
Кездесу барысында халықаралық тәжірибені ескеру, ұлттық және халықаралық мамандар арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру, сондай-ақ заманауи талдау құралдарын енгізу мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтқанда, ҰДАҮ 3.0 әзірлеу LEAP (Long-range Energy Alternatives Planning System) моделінің негізінде жүргізілетін болады. Бұл Қазақстанның төмен көміртекті даму сценарийлерін егжей-тегжейлі талдауға және парниктік газдар шығарындыларын азайтудың тиімді шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Министрлік ҰДАҮ 3.0 әзірлеу үдерісі мемлекеттік органдарды, бизнес-қоғамдастықты, ғылыми орта мен азаматтық секторды қоса алғанда, негізгі мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетінін атап өтті. Мұндай тәсіл құжаттың ашықтығын және ұлттық тұрақты даму басымдықтарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/938815?lang=ru
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан продолжает работу над обновлённой Версией Национально определяемого вклада (ОНУВ 3.0) до 2035 года в рамках обязательств, взятых страной по Парижскому соглашению. Разработка ОНУВ 3.0 является важным шагом на пути к устойчивому развитию и достижению национальных климатических целей.
Сегодня Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан провёл встречу с представителями международных организаций и экспертного сообщества для обсуждения ключевых аспектов формирования ОНУВ 3.0. В дискуссии приняли участие представители NDCP, UNDP, FAO, UNICEF, UNITAR, GIZ и ССАС, которые окажут экспертную и техническую поддержку в разработке документа.
Основное внимание в ходе встречи было уделено вопросам учёта международного опыта, координации действий между национальными и международными специалистами, а также внедрению современных инструментов анализа. В частности, разработка ОНУВ 3.0 будет осуществляться на основе модели LEAP (Long-range Energy Alternatives Planning System), что позволит провести детальный анализ сценариев низкоуглеродного развития Казахстана и выработать наиболее эффективные меры по сокращению выбросов парниковых газов.
Министерство подчеркнуло, что процесс разработки ОНУВ 3.0 будет проходить в тесном взаимодействии с ключевыми заинтересованными сторонами, включая государственные органы, бизнес-сообщество, научные круги и гражданский сектор. Такой подход обеспечит прозрачность и соответствие документа национальным приоритетам устойчивого развития.
