[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935847?lang=kk
Арал теңізінің құрғаған табанының жалпы ауданы шамамен 6 млн.гектарды құрайтыны баршаға мәлім, оның ішінде 2,8 млн. га Қазақстанға тиесілі.
Біздің еліміздегі Арал теңізінің құрғаған табаны құмды және сортаңды шөлдердің аумағы болып табылады, мұнда фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу үшін аумақтардың орман жарамдылығын ескеру қажет.
2021 жылы Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында АТҚТ 1,1 млн га аумағына орман мелиорациялық жұмыстарды жүргізу міндетін қойды.
4 жыл ішінде 475 мың га алаңға сексеуіл отырғызылды, оның ішінде:
– 2021 жылы-73,5 мың га (ЖАО — 20,9 мың га, ЭТРМ-52,6 мың га);
– 2022 жылы-108,5 мың га (ЖАО-44 мың га, ЭТРМ-64,5 мың га);
– 2023 жылы — бөлінген қаражат аясында 166 мың га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-66 мың га).
Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары табиғи жаңаруға жәрдемдесу 197,0 мың га алаңда жүргізілді.
2024 жылы — 127 мың. га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-27 мың га).
Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаны іске асыру аясында АТҚТ – дағы жұмыстарды отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін Қазалы қаласында ауданы 33 гектар питомниктің құрылысы аяқталды. Жоба бойынша сексеуіл және галофитті бұталардың көшеттері одан әрі Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін өсірілетін болады. Питомниктің қуаттылығы жылына 3 млн. дана көшет.
Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған табанында жаңа орман питомнигін құру жоспарда бар. Ол питомниктен алынған отырғызу материалы құрғақ жағдайларға бейімделеді, бұл отырғызу материалдарының сапасын арттырады.
Бұдан басқа, жұмыстардың сапасын арттыру және тұрақты ғылыми көмек көрсету үшін Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда қаласында филиалы ашылмақ.
Институт мамандары АТҚТ-дағы күзгі-көктемгі орман өсіру жұмыстары кезінде агротехникалық іс-шараларды сақтау (егу және отырғызу схемаларын дұрыс жүргізу, орман тұқымдарын жинау және өңдеу, өсімдік көшеттерін қазу және тасымалдау), Арал теңізінің құрғаған табанында орман екпелерін құруды ғылыми мониторингілеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.[:ru]
| Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан на официальном сайте.https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935847?lang=ru |
Всем известно, что общая площадь осушенного дна Аральского моря (ОДАМ) составляет около 6 млн. га, в том числе 2,8 млн. га приходится на Казахстан.
Обнажившееся дно Аральского моря казахстанской части представляет собой территорию из песчаных и засоленных пустынь, где для проведения дальнейших фитомелиоративных работ необходимо обязательно учитывать лесопригодность территорий.
В 2021 году Главой государства в целях улучшения экологической обстановки поставил задачу по проведению лесомелиоративных работ на ОДАМ, на общей площади 1,1 млн га, путем создания саксауловых насаждений.
За 4 года на ОДАМ выполнены работы по посадке саксаула на площади 475 тыс. га, в том числе:
– в 2021 году — 73,5 тыс. га (МИО — 20,9 тыс. га, МЭПР — 52,6 тыс. га);
– в 2022 году — 108,5 тыс. га (МИО — 44 тыс. га, МЭПР — 64,5 тыс. га);
– в 2023 году — 166 тыс. га в рамках выделенных средств (МИО — 100 тыс. га, МЭПР — 66 тыс. га).
Кроме того, содействие естественному возобновлению в 2021-2023 годах проведено на площади 197,0 тыс. га.
В 2024 году — 127 тыс. га (МИО — 100 тыс. га и МЭПР 27 тыс. га).
Для обеспечения посадочным материалам работ на ОДАМ в рамках реализации проекта, финансируемого Всемирным банком, в городе Казалинск завершено строительство питомника площадью 33 гектара. По проекту будут выращиваться сеянцы саксаула и галофитных кустарников для дальнейшей посадки на ОДАМ. Мощность питомника 3 млн. шт сеянцев в год.
Также, Министерством, под научным сопровождением планируется создание нового лесного питомника непосредственно на осушенном дне. Получаемый на этом питомнике посадочный материал будет более адаптирован к аридным условиям осушенного дна, что повысит качество лесных культур.
Кроме того, для повышения качества работ на ОДАМ и постоянного научного сопровождения будет открыт филиал Казахского НИИ лесного хозяйства и агролесомелиорации в г.Кызылорде.
Специалистами Института будут проводиться работы по соблюдению агротехнических мероприятий при осенне-весенних лесокультурных работах на ОДАМ (правильному ведению посевных и посадочных схем, сбору и обработки лесных семян, выкопки и транспортировки сеянцев растений), научному мониторингу и анализу создания лесокультурных насаждений на ОДАМ.
