[:kz]Ғылымдағы әйелдер күні[:ru]Международный день женщин в науке

[:kz] 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935817?lang=kk

Аталмыш мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың желтоқсанында әйелдердің ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өту мақсатында құрды. Қазіргі таңда әйелдер қауымы  инновациялық технологияларды әзірлеуге, экологиялық зерттеулерге, сондай-ақ тұрақты даму және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуда.

Экономика ғылымдарының докторы, академик Гүлбазар Медиева Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығындағы білім беру және ғылым бағытын, сондай-ақ ғылыми-қоғамдастықтың жұмысын үйлестіруші.  Гүлбазар Ақылқызының негізгі жетістіктерінің бірі жасыл технологиялар саласындағы 98 жетекші сарапшыны біріктірген ғылыми-техникалық кеңесті (ҒТК) құруы болды.

Оның кәсібилігінің арқасында ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) салалық анықтамалықтарын сараптау процесі ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанда жасыл экономиканы дамытудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастырудағы маңызды қадам.

Ботаника және фитоинтродукция институтындағы 102 ғылыми қызметкердің 75-і әйелдер. Аталмыш Институтты биология ғылымдарының докторы – Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы басқарады.

10 жыл бойы ол Тянь-Шань флорасын зерттеу бойынша “Орталық Азияның жасыл жолы” жобасының жетекшісі болды, оған бірнеше Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ Гүлнар Тоқбергенқызы түрлі экспедицияларға, соның ішінде халықаралық экспедицияларға да қатысады.

Ал Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Надежда Чеботько орман ғылымының дамуына елеулі үлесін қосты. Ол қарапайым қарағайды сұрыптаумен және сорттық сынаумен, сондай-ақ селекцияны, интродукцияны және биотехнологияны қолдана отырып, ағаш-бұта түрлерінің биоәртүрлілігін сақтаумен айналысады.  40 жылдық ғылыми қызметі барысында 90-нан астам ғылыми еңбектер жариялап, 5 патент және 4 авторлық куәлік алды. “Аракарагайская” және “Чебаркульская” кәдімгі қарағай популяцияларының сорттарының соавторы, сондай-ақ  – “Боровская-22”, “Боровская-44” клондарының және “Төзімді қарағай” гибридінің авторы.

Басқа әйел ғалым Тамара Стехареваның зерттеулері Қазақстанның ормандылығын арттыруға және бірегей экожүйелерді сақтауға ықпал етті. Биология ғылымдарының кандидаты, профессор орман экожүйелерін геоботаникалық зерттеуге, орман түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтауға айтарлықтай үлес қосты.

Қазіргі таңда елімізде  ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын ғалым әйелдердің үлесі 10 мыңнан астам адамды құрайды. Бүгінгі мереке  ғылымның жетістіктері әйелдердің белсенді қатысуынсыз мүмкін  еместігін және ғылымдағы әйелдерді  қолдау бүкіл адамзаттың алға жылжуына ықпал ететіндігін еске салады.[:ru]Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан на официальном сайте.https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935817?lang=ru

Данный праздник был учрежден Генеральной Ассамблеей ООН в декабре 2015 года с целью подчеркнуть важность вклада женщин в научное сообщество. Они активно участвуют в разработке инновационных технологий, экологических исследований, а также в решении вопросов устойчивого развития и изменения климата.

Доктор экономических наук, академик Гульбазар Медиева координирует научное и образовательное направление, а также работу научно-экспертного сообщества в Международном Центре зеленых технологий и инвестиционных проектов. Одним из ключевых достижений Гульбазар Акыловны стало создание Научно-технического совета (НТС), который объединил 98 ведущих экспертов в области зеленых технологий. Благодаря ее профессионализму был организован процесс экспертизы отраслевых справочников НДТ, которые получили более 80 рекомендаций и экспертных заключений НТС. Это стало важным шагом в формировании научно обоснованных подходов к развитию зеленой экономики в Казахстане.

75 научных сотрудников из 102, Института ботаники и фитоинтродукции женщины. Руководит Институтом доктор биологических наук – Ситпаева Гульнара Токбергеновна. На протяжении 10 лет она была руководителем проекта по изучению флоры Тянь-Шаня «Зеленый путь Центральной Азии», в котором участвовали представители нескольких центрально-азиатских стран. Также Гульнара Токбергеновна непосредственно участвует в различных экспедициях, в том числе международных.

Сотрудница Казахского научно-исследовательского института лесного хозяйства Надежда Чеботько внесла значительный вклад в развитие лесной науки, занимаясь сортовыведением и сортоиспытанием сосны обыкновенной, а также сохранением биоразнообразия древесно-кустарниковых видов с применением селекции, интродукции и биотехнологии. За 40 лет научной деятельности опубликовала более 90 научных работ, получила 5 патентов и 4 авторских свидетельства. Является соавтором сортов-популяций сосны обыкновенной «Аракарагайская» и «Чебаркульская», а также автором трех сортов: клонов «Боровская-22», «Боровская-44» и гибрида «Төзімді қарағай». Ее достижения стали основой для селекционных программ по улучшению лесных насаждений Казахстана.

Исследования другой женщины-ученой Тамары Стехаревой способствуют повышению лесистости Казахстана и сохранению уникальных экосистем. Кандидат биологических наук, ассоциированный профессор, внесла значительный вклад в геоботанические исследования лесных экосистем, сохранение лесных видов, в том числе редких и находящихся на грани исчезновения на особо охраняемых природных территориях.

Сегодня доля женщин ученых, принимающих участие в научно-исследовательских работах составляет более 10 тыс. человек. И этот день напоминает нам, что достижения науки невозможны без активного участия женщин, и что их поддержка и признание способствуют прогрессу всего человечества.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх