[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/927409?lang=kk
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Таза ауа жөніндегі нысаналы топ (Clean Air Task Force, CATF) және Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) ұйымдастырған “Қазақстандағы метан шығарындыларын реттеу” семинары өтті.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ бизнесінің жетекші өкілдері қатысты.
Семинардың басты назары мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын реттеу мәселелеріне, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге, шығарындыларды мониторингілеуге, ағып кетулерді анықтаудың озық технологияларын және оларды азайту әдістерін енгізуге аударылды.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев өзінің сөзінде Қазақстан Метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосыла отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес үшін өзінің жауапкершілігін сезінетінін және метан шығарындыларын азайту үшін халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтасатынын атап өтті.
Семинар аясында үздік халықаралық тәжірибелер, сондай-ақ реттеудің тиімді тетіктерін енгізу саласындағы халықаралық ұйымдармен және бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастық перспективалары қаралды.
Семинар метан шығарындыларын азайту саласында Қазақстанның алдында тұрған негізгі сын-тегеуріндерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін, сондай-ақ елдегі экологиялық саясатты жетілдіру бойынша одан әрі қадамдарды айқындау үшін маңызды платформаға айналды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/927409?lang=kk
29 января текущего года состоялся семинар «Регулирование выбросов метана в Казахстане», организованный Целевой группой по чистому воздуху (Clean Air Task Force, CATF) и Международным энергетическим агентством (МЭА).
В мероприятии приняли участие высокопоставленные представители Администрации Президента, Министерства экологии и природных ресурсов, Министерства энергетики, а также ведущие представители нефтегазового бизнеса.
Основное внимание на семинаре было уделено вопросам регулирования выбросов метана в нефтегазовой отрасли, включая разработку нормативно-правовой базы, мониторинг выбросов, внедрение передовых технологий обнаружения утечек и методов их сокращения.
Вице-министр экологии и природных ресурсов Казахстана Мансур Ошурбаев в своем приветственном слове отметил, что Казахстан, присоединившись к Глобальному обязательству по метану, осознает свою ответственность за борьбу с изменением климата и активно сотрудничает с международными партнерами для снижения выбросов метана.
В рамках семинара были рассмотрены лучшие международные практики, а также перспективы сотрудничества с международными организациями и бизнес-сообществом в области внедрения эффективных механизмов регулирования.
Семинар стал важной платформой для обмена опытом и обсуждения ключевых вызовов, стоящих перед Казахстаном в области сокращения выбросов метана, а также для определения дальнейших шагов по совершенствованию экологической политики в стране.
