[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919742?lang=kk
Пластикалық қалдықтар қазіргі заманның ең өткір экологиялық мәселелерінің бірі болып табылады. Олар жергілікті экожүйелерге де, тұрақты даму бойынша жаһандық күш-жігерге де әсер етеді. Қазақстан да көптеген елдер сияқты пластикалық қалдықтардың өсуімен байланысты экологиялық қауіпсіздік үшін елеулі қиындықтарға тап болуда.
«Қазақстан мен Өзбекстанның шалғай және таулы аймақтарындағы пластикалық қалдықтар» өңірлік жобасы аясында, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенциялары (BRS) хатшылығының қолдауымен «Тұрақты даму орталығы» (https://csd-center.org/) жүзеге асырып жатқан бастама шеңберінде, 2013 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі пластикалық қалдықтардың ауқымды түгендеуі жүргізілді. Өзбекстанды да қамтитын бұл жоба Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінің белсенді қатысуымен іске асырылып, қалдықтарды басқару саласында тұрақты шешімдер қалыптастыруға бағытталған.
Түгендеу пластикті қолдану көлемдерін, оның салалар бойынша бөлінуін және қалдықтардың пайда болу динамикасын егжей-тегжейлі талдап көрсетті. 2013 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан нарығына шығарылған пластикалық өнімдер көлемі 387 мың тоннадан 855 мың тоннаға дейін өсті, бұл 121,6%-дық өсімді құрайды. Пластиктің негізгі тұтынушылары – орау, құрылыс және көлік салалары. Орау секторы көш бастап тұр, жалпы пластик тұтынудың 23%-дан астамы осы салаға тиесілі, бұл орау материалдарының қысқа қызмет ету мерзімімен байланысты. 2022 жылы орау үшін қолданылған пластик көлемі шамамен 196 мың тоннаны құрады. Құрылыс секторы 19% (167 мың тонна) үлеспен екінші орында, мұнда пластик ұзақ мерзімді материалдар, мысалы, құбырлар мен оқшаулау өндіру үшін қолданылады. Көлік секторы шамамен 17% пластик тұтынады, бұл көлік құралдарын өндірудің артуымен және олардың салмағын азайту үшін пластикалық компоненттерді қолданумен байланысты.
Пластик тұтыну көлемінің артуымен қатар, пластикалық қалдықтардың түзілу көлемі де өсуде. 2022 жылы ол 296 мың тоннаға жетіп, 2013 жылмен салыстырғанда екі еседен астам артты. Қалдықтардың негізгі көзі – орау материалдары, олар жалпы көлемнің 66%-ын құрайды. Бұл бір реттік қаптамаларды кеңінен пайдаланумен және қайта өңдеу жүйелерінің тиімсіздігімен байланысты. Құрылыс және көлік сияқты басқа салалар пластик өнімдерінің ұзақ қызмет ету мерзіміне байланысты қалдықтарды аз мөлшерде өндіреді. Қазақстанда кеңінен қолданылатын полимерлер арасында полиэтилен (38%), полипропилен (23%) және полиэтилентерефталат (14%) көш бастап тұр, әрі олар қалдықтардың да негізгі үлесін құрайды.
Түгендеу барысында пластикалық қалдықтарды тиімді басқаруды қиындататын бірқатар мәселелер анықталды. Негізгі қиындық – өсіп келе жатқан қалдық көлемін игере алмайтын жеткіліксіз инфрақұрылым. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің болмауы сұрыптау қуаттарына түсетін жүктемені арттырып, қайта өңделетін шикізат сапасын төмендетеді. Халық арасында экологиялық мәдениеттің төмен деңгейі де мәселені ушықтырады, себебі көптеген азаматтар қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған. Сонымен қатар, қайта өңдеу қуаттарының өңірлер бойынша теңсіздігі қалдықтарды тиімді басқару мүмкіндіктерін шектейді, әсіресе шалғай және таулы аймақтарда.
Түгендеу нәтижелері негізінде анықталған мәселелерді шешу үшін ұсыныстар әзірленді. Тұрақты түрде түгендеулер өткізу пластикалық қалдықтардың көлемі мен түрлері туралы өзекті деректерді сақтау мен тиімді басқару стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа кәсіпорындар ашу және бар қуаттарды жаңғырту қалдықтар көлемін азайтуға бағытталған маңызды қадам болады. Қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу қайта өңдеу сапасын жақсартып, сұрыптау шығындарын азайтады. Кең ауқымды білім беру науқандары халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге және азаматтарды қайта өңдеу бастамаларына қатысуға ынталандыруға көмектеседі. Заңнаманы жетілдіру, оның ішінде бір реттік пластиктің қолданылуын шектеу және қайта өңделген материалдарды қолдануды ынталандыру, айналым экономикасына көшу үшін жағдай жасайды.
Қазақстандағы пластикалық қалдықтарды түгендеу қалдықтарды басқарудың тұрақты жүйесін құруға маңызды қадам болды. Зерттеу пластикалық қалдықтардың көлемін азайту, қайта өңдеуді арттыру және олардың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша тиімді шараларды әзірлеуге қажетті деректерді ұсынды. Өзбекстандағы ұқсас зерттеу нәтижелерімен бірге жоба пластикалық ластануды шешуде аймақтық ынтымақтастық пен интеграцияланған тәсілдің маңыздылығын атап өтеді. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру Қазақстанға Орталық Азияда экологиялық тұрақты қалдықтарды басқару саласындағы көшбасшы ретінде өз орнын нығайтуға және айналым экономикасына көшу процесін қолдауға мүмкіндік береді.
2025 жылы пластикалық қалдықтарды түгендеу нәтижелері Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының хатшылығының ресми сайтына жүктеледі: https://www.brsmeas.org/[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919742?lang=ru
Пластиковые отходы являются одной из наиболее острых экологических проблем современности, затрагивающих как локальные экосистемы, так и глобальные усилия по устойчивому развитию. Казахстан, как и многие страны, сталкивается с растущим объемом пластиковых отходов, что создает значительные вызовы для экологической безопасности.
В рамках регионального проекта «Пластиковые отходы в отдаленных и горных районах Казахстана и Узбекистана», реализуемого Центром «Содействие устойчивому развитию» (https://csd-center.org/) при поддержке секретариата Базельской, Роттердамской и Стокгольмской конвенций (BRS), была проведена масштабная инвентаризация пластиковых отходов за период с 2013 по 2022 годы. Этот проект, который также охватывает Узбекистан, реализуется при активном участии Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и направлен на формирование устойчивых решений в области управления отходами.
Инвентаризация предоставила детальный анализ объемов использования пластика, его распределения по секторам и динамики образования отходов. В период с 2013 по 2022 годы объем пластиковых изделий, поступивших на рынок Казахстана, увеличился с 387 тысяч тонн до 855 тысяч тонн, что представляет собой рост на 121,6%. Основными потребителями пластика являются сектора упаковки, строительства и транспорта. Упаковка занимает лидирующую позицию, на нее приходится более 23% общего объема потребления пластика, что связано с коротким сроком службы упаковочных материалов. В 2022 году объем использованного пластика для упаковки составил около 196 тысяч тонн. Сектор строительства занимает второе место с долей 19% (167 тысяч тонн), где пластик используется для производства долговечных материалов, таких как трубы и изоляция. Транспортный сектор потребляет около 17% пластика, что связано с ростом производства автомобилей и использованием пластиковых компонентов для снижения веса транспортных средств.
Одновременно с увеличением объемов потребления пластика растет и объем образования пластиковых отходов. В 2022 году он достиг 296 тысяч тонн, что более чем в два раза превышает показатель 2013 года. Основной источник отходов — упаковка, которая составляет 66% от общего объема. Это связано с массовым использованием одноразовой упаковки и отсутствием эффективных систем переработки. Другие сектора, такие как строительство и транспорт, генерируют меньше отходов из-за более длительного срока службы пластиковых изделий. Среди наиболее широко используемых полимеров в Казахстане лидируют полиэтилен (38%), полипропилен (23%) и полиэтилентерефталат (14%), которые также составляют основную долю отходов.
Инвентаризация выявила ряд проблем, которые затрудняют эффективное управление пластиковыми отходами. Основной вызов заключается в недостаточной инфраструктуре, которая не справляется с растущими объемами отходов. Отсутствие системы раздельного сбора отходов увеличивает нагрузку на сортировочные мощности и снижает качество перерабатываемого сырья. Низкий уровень экологической культуры среди населения усиливает проблему, поскольку многие граждане недостаточно информированы о необходимости сортировки и переработки отходов. Кроме того, региональные дисбалансы в перерабатывающих мощностях ограничивают возможности эффективного управления отходами, особенно в отдаленных и горных районах.
На основе результатов инвентаризации были разработаны рекомендации для решения выявленных проблем. Регулярное проведение инвентаризаций позволит поддерживать актуальные данные об объемах и типах пластиковых отходов и разрабатывать эффективные стратегии управления. Развитие инфраструктуры, включая создание новых предприятий и модернизацию существующих мощностей, станет важным шагом для снижения объемов отходов. Внедрение системы раздельного сбора отходов улучшит качество переработки и сократит затраты на сортировку. Масштабные образовательные кампании помогут повысить уровень экологической культуры населения и стимулировать участие граждан в инициативах по переработке. Совершенствование законодательства, включая ограничение использования одноразового пластика и стимулирование применения переработанных материалов, создаст условия для перехода к циркулярной экономике.
Инвентаризация пластиковых отходов в Казахстане стала важным этапом для формирования устойчивой системы управления отходами. Исследование предоставило актуальные данные, которые помогут разработать и внедрить эффективные меры по снижению объемов пластиковых отходов, увеличению переработки и минимизации их негативного воздействия на окружающую среду. Вместе с результатами аналогичного исследования в Узбекистане проект подчеркивает важность регионального сотрудничества и интегрированного подхода к решению проблемы пластикового загрязнения. Реализация предложенных мер позволит Казахстану укрепить свои позиции в Центральной Азии как лидера в области экологически устойчивого управления отходами и поддержать переход к циркулярной экономике.
В 2025 году результаты инвентаризации пластиковых отходов будут загружены на официальный сайт секретариата Базельской, Роттердамской и Стокгольмской конвенций: https://www.brsmeas.org/
