[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901503
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі бірлесіп, Қазақстанда Бірлескен кредиттеу механизмі (JCM) бойынша семинар ұйымдастырды.
Бұл семинар мемлекеттік қызметшілерге, жергілікті жеке компанияларға және Қазақстандағы жапон филиалдарына климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға арналған шараларға қатысты мәселелер мен қажеттіліктерді зерделеу мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан ашылу сөзін және «2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы және JCM механизмінен күтілетін нәтижелер» тақырыбында баяндама Климаттық саясат департаментінің директоры Сауле Сабиева жасады.
Семинарда JCM механизмінің негізгі аспектілері, Жапония үкіметі ұсынатын JCM қолдау бағдарламалары қарастырылып, JCM аясында Қазақстан мен Жапония арасындағы декарбонизация саласындағы ынтымақтастыққа қатысты тақырыптық талқылаулар ұйымдастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша JCM Бірлескен комитеті аясында жобаларды іріктеу өткізу жоспарлануда.
Семинар материалдары осы сілтеме бойынша қолжетімді: https://pckk.ent.box.com/s/ex086fja7ayupkt8lg2o5vuufci9bd6b[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901503?lang=ru
Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с Министерство экономики, торговли и промышленности Японии организован семинар реализации Совместного кредитного механизма (JCM) в Казахстан.
Данный семинар проведен для государственных служащих, местных частных компаний и японских филиалов в Казахстане с целью изучения вызовов и потребностей в мерах по смягчению последствий изменения климата в Казахстане.
От лица Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан с приветственной речью и презентацией по «Стратегии достижения углеродной нейтральности к 2060 году и ожидания от JCM» выступила Директор департамента климатической политики Сауле Сабиева.
На семинаре также рассмотрены основные аспекты механизма JCM, программы поддержки JCM, предоставляемые правительством Японии, а также организованы предметные обсуждения сотрудничества между Казахстаном и Японией в области декарбонизации в рамках схемы JCM.
По итогам семинара ожидается проведение отбора проектов в рамках Объединенного комитета JCM
Материалы семинара доступны по ссылке https://pckk.ent.box.com/s/ex086fja7ayupkt8lg2o5vuufci9bd6b
