[:kz]СОР16 алаңдарындағы кездесу[:ru]Встреча на полях СОР16

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895906?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі тараптары конференциясының он алтыншы сессиясының (СО16) алаңында Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі, Министрлер Кеңесінің мүшесі және климат мәселелері жөніндегі елшісі Адель ибн Ахмед Әл-Джубейрмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Е. Нысанбаев жердің тозуы мен құрғақшылық Қазақстанның да, Орталық Азияның бүкіл өңірінің әлеуметтік тұрақтылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.

Орталық Азия халқының шамамен 60% – ы негізгі табыс көзі ретінде ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді, сондықтан құрғақшылық үлкен қауіп төндіреді. Мұндай құбылыстардың салдарына ауылшаруашылық өндірісінің жоғалуы, қауіпсіздік пен өмір сапасының төмендеу қаупі, экономикалық және әлеуметтік шиеленістің артуы жатады.

Сондай-ақ, Қазақстанның экология министрі Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау және 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту, Экологиялық кодекс шеңберінде ел өңірлерінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нормаларды іске асыру және т. б. сияқты Қазақстан жүргізіп жатқан ауқымды іс-шараларға толығырақ тоқталды. Париж келісімінің қабылданған міндеттемелерін іске асыруда 2027 жылға қарай елде 2 млрд. ағаш отырғызылады, оның ішінде 839 мың көшет отырғызылды. Бұл ауқымды жоба экологиялық тұрақтылықты нығайтуға және экожүйелердің тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған.

Е.Нысанбаев атап өткендей, Қазақстан тәжірибемен бөлісуге және халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын.

Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясындағы климат мәселелері өте өзекті екенін атап өтті. Көміртекті алу және сақтау бойынша қоршаған ортаға, климаттың өзгеруіне және жердің деградациясына қатысты ең өзекті мәселелерге толығырақ тоқталып, көміртекті ұстау және сақтау конференцияда көтерілген тақырыптарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен іс-қимылдар арқылы ғана біз экожүйелерімізді сақтап, баршаға тұрақты болашақты қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895906

Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаев на полях Шестнадцатой сессии Конференции Сторон ООН по борьбе с опустыниванием (СОР16), провел встречу с Саудовским государственным министром иностранных дел, членом Совета министров и посланник по вопросам климата Адель ибн Ахмед аль-Джубейром.

В ходе встречи Е.Нысанбаев отметил что, деградация земель и засуха представляют угрозу для социальной стабильности, продовольственной безопасности и экономического благополучия как Казахстана, так и всего региона Центральной Азии.

Около 60% населения Центральной Азии напрямую зависит от сельского хозяйства как основного источника дохода, поэтому засухи представляют собой серьезную угрозу. Последствия таких явлений включают потерю сельскохозяйственного производства, угрозу безопасности и снижения качества жизни, рост экономической и социальной напряженности.

Также Министр экологии Казахстана подробнее остановился на масштабных мероприятиях проводимых Казахстаном, такие как посадка деревьев на осушенном дне Аральского моря,принятие Концепции по переходу к зеленой экономике и утверждение Стратегии достижения углеродной нейтральности до 2060 года, реализация норм по адаптации к изменению климата в регионах страны в рамках Экологического кодекса и др. В реализации принятых обязательств Парижского соглашения к 2027 году в стране будет высажено 2 млрд. деревьев, из них 839 тыс. саженцев высажены. Этот масштабный проект призван укрепить экологическую устойчивость и восстановить баланс экосистем.

Как отметил Е.Нысанбаев Казахстан готов делиться опытом и усиливать взаимодействие с международными партнерами.

Саудовский государственный Министром иностранных дел также отметил что вопросы климата в Саудовской Аравии очень актуальны. Подробнее остановился на наиболее актуальных проблемах, связанные с окружающей средой, изменением климата и деградацией земель, по улавливанию и хранению углерода, а также обсудили темы, поднятые на конференции.

По итогам встречи Стороны отметили что только совместными действиями мы сможем сохранить наши экосистемы и обеспечить устойчивое будущее для всех.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх