[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894958?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев а.ж. 2-13 желтоқсан аралығында Эр-Рияд қаласында «Біздің жер. Біздің болашағымыз» ұранымен өтіп жатқан БҰҰ тараптарының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конференцияның он алтыншы сессиясына (СОР 16) қатысты.
COP 16 Конференциясы аясында Министр Е.Нысанбаев сондай-ақ барлық деңгейлерде құрғақшылыққа төзімділікті жеделдету жолдарын талқылауға арналған «Женевадан Эр-Риядқа және одан әрі: құрғақшылықты белсенді басқару бойынша жаһандық және ұлттық саясатты жетілдіру» министрлер диалогына қатысты және сөз сөйледі.
«Соңғы жылдары адамзат су тапшылығы мен жердің деградациясына тап болған аймақтардың көбеюіне куә болды, бұл ауыл шаруашылығы мен су ресурстарына қол жетімділікке айтарлықтай зиян келтірді. Шамамен 29 миллион га эрозиядан зардап шегеді, бұл олардың құнарлылығын төмендетеді және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Жаһандық өзгерістер жаһандық шешімдерді қажет етеді. Қазір мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру бұрынғыдан да маңызды. Тек бірлескен әрекеттермен шөлдердің таралуын тоқтатуға, биосфераны сақтауға және болашақ ұрпақ үшін болашақты қамтамасыз етуге болады.
Қазақстан құрғақшылықпен күресуге бағытталған халықаралық және өңірлік бастамаларға қатысуын одан әрі нығайтуға дайын. Біз бірлескен күш-жігермен қоршаған ортаны сақтауға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қоса алатынымызға сенімдіміз.» – деп атап өтті өз сөзінде Ерлан Нысанбаев.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894958?lang=ru
Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаев принял участие в открытии Шестнадцатой сессии Конференции Сторон ООН по борьбе с опустыниванием (СОР16), которая проходит со 2 по 13 декабря т.г. в г. Эр-Рияд под девизом «Наша земля. Наше будущее».
В рамках Конференции СОР16 Министр Е. Нысанбаев также принял участие и выступил на Министерском диалоге «От Женевы до Эр-Рияда и далее: совершенствование глобальной и национальной политики для упреждающей борьбы с засухой», посвященном обсуждению способов ускорения устойчивости к засухе на всех уровнях и масштабах, приданию импульса и приверженности амбициозным действиям по устойчивости к засухе в рамках Конвенции ООН по борьбе с опустыниванием.
«За последние годы человечество стало свидетелем увеличения числа регионов, сталкивающихся с нехваткой воды и деградацией земель, что наносит серьёзный ущерб сельскому хозяйству и доступу к водным ресурсам. Около 29 млн. га страдают от эрозии, что снижает их плодородие и угрожает продовольственной безопасности.
Глобальные изменения требуют глобальных решений. Сейчас, как никогда, важно объединить усилия государств, международных организаций, бизнеса и общественности. Только совместными действиями можно остановить распространение пустынь, сохранить биосферу и обеспечить будущее для следующих поколений.
Казахстан готов и дальше укреплять своё участие в международных и региональных инициативах, направленных на борьбу с засухой. Мы уверены, что совместными усилиями сможем внести вклад в сохранение окружающей среды, устойчивое развитие сельского хозяйства и повышение качества жизни будущих поколений.» – подчеркнул в своем выступлении Ерлан Нысанбаев.
