[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879264
Екіжақты кездесу барысында Қазақстан Республикасының Экология министрі Ерлан Нысанбаев пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло мырза авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.
«Авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері біз үшін үлкен маңызға ие және біз ИКАО-ның жаһандық стандарттарды белгілеудегі және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлін бағалаймыз.
Біз ИКАО-ға Қазақстандағы авиация саласының экологиялық тұрақтылығы мен дамуына қолдау көрсеткені үшін ризамыз және экологиялық мақсаттарымызды іске асыру бойынша тиімді өзара іс-қимылға мүдделіміз», – деп атап өтті Министр.
Қазақстан авиация саласында көміртегі ізін азайту үшін ИКАО-ның халықаралық стандарттарын интеграциялау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біздің еліміздің халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеуге мүмкіндік беретін халықаралық авиациядағы көмірқышқыл газының шығарындыларын өтеу және азайту тетіктеріне қатысуы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Айта кету керек, ИКАО техникалық көмек көрсетіп және шығарындыларды бақылау мен экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізеді. Бұл тренингтер жергілікті мамандардың құзыреттерін дамытуға бағытталған және Қазақстанға авиация саласының экологиясы саласындағы озық халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды бейімдеуге көмектеседі. Бұл ынтымақтастық сонымен қатар елдің жалпы экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін маңызды болып табылатын авиациялық паркті жаңғыртуға бағытталған зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді қолдауды қамтиды.
Сондай-ақ ИКАО-ға мүшеліктің арқасында Қазақстанның ұйымға мүше басқа мемлекеттермен ынтымақтасуға және осы платформаны тәжірибе алмасу және авиациядағы көміртегі ізін азайтуға бағытталған үздік тәжірибелерді қолдану үшін пайдалануға мүмкіндігі бар. ИКАО қолдауымен Қазақстан Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту жөніндегі өңірлік жобаларға қатыса алады.
Кездесу соңында Е.Нысанбаев Орталық Азия өңірінде қоршаған ортаны қорғау және орнықты технологияларды енгізу мәселелері бойынша ИКАО-мен бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879264?lang=ru
Вопросы устойчивого развития авиации и охраны окружающей среды обсудили в ходе двусторонней встречи Министр экологии Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев и Директор Европейского и Североатлантического бюро Международной организации гражданской авиации (ИКАО) г-н Николя Ралло.
«Вопросы устойчивого развития авиации и охраны окружающей среды имеют для нас большое значение, и мы ценим роль ИКАО в установлении глобальных стандартов и содействии международному сотрудничеству.
Мы признательны ИКАО за поддержку в экологическую устойчивость и развитие авиационной отрасли в Казахстане и заинтересованы в эффективном взаимодействии по реализации наших экологических целей», – отметил Министр.
Казахстан активно работает над интеграцией международных стандартов ИКАО для снижения углеродного следа в авиационной отрасли. Одним из ключевых направлений является участие нашей страны в Механизмах компенсации и сокращения выбросов углекислого газа в международной авиации, которая позволяет компенсировать выбросы углерода для международной авиации.
Стоит отметить, что ИКАО оказывает техническую помощь и проведение обучающих программ по вопросам контроля выбросов и внедрению экологически чистых технологий. Данные тренинги направлены на развитие компетенций местных специалистов и помогают Казахстану адаптировать передовые международные практики и стандарты в области экологии авиационной отрасли. Это сотрудничество также включает поддержку по проведению исследований и разработок, направленных на модернизацию авиационного парка, что важно для повышения общей экологической устойчивости страны.
Также благодаря членству в ИКАО, у Казахстана есть возможность сотрудничать с другими государствами-членами Организации и использовать данную платформу для обмена опытом и применения лучших практик, направленных на снижение углеродного следа в авиации. При поддержке ИКАО, Казахстан может принять участие в региональных проектах по развитию «зеленой» авиации в странах Центральной Азии.
В завершении встречи Е.Нысанбаев выразил надежду на совместное плодотворное сотрудничество с ИКАО по вопросам охраны окружающей среды и внедрения устойчивых технологий в регионе Центральной Азии.
