[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871587?lang=kk
2024 жылғы 23 қазанда Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы іске асырып жатқан екі маңызды жобаның нәтижелеріне арналған конференция өтті.
Анықтама: «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеру салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы жергілікті қоғамдастықтар мен белсенділердің назарын климаттың өзгеру проблемаларына аударуға және климаттық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған. Екінші жоба, «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды іске асыру», бұл өңірдегі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нақты іс-қимылдарды іске асыруға мүмкіндік берді.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансұр Ошурбаев ашты. Өз сөзінде ол тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау үшін барлық тараптардың — мемлекеттің, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның және ғылыми ортаның күш-жігері талап етілетінін атап өтті.
Конференция жетекші сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және халықаралық серіктестердің өкілдерін жинады. Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі, мәртебелі Алешка Симкич ханым және Чехия Республикасының Елшісі мәртебелі Павол Шепеляк болды, олар Қазақстанның климаттық саясат саласындағы күш-жігеріне қолдау білдіріп, жаһандық мақсаттарға жету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Жобаны «Арника» ҮЕҰ (Чехия Республикасы) және «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚБ жүзеге асырады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022 жылғы наурыз-2024 жылғы қазан.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871587?lang=ru
23 октября 2024 года прошла конференция, посвященная результатам двух важных проектов, реализуемых Карагандинским областным Экологическим Музеем.
Справочно: Проект «Участие гражданского общества в смягчении последствий изменения климата в Карагандинской области», нацелен на привлечение внимания местных сообществ и активистов к проблемам изменения климата и разработку мер по снижению климатических рисков. Второй проект, «Реализация мер по адаптации к изменению климата в Карагандинской области», которое позволило реализовать конкретные действия по адаптации к изменению климата в регионе.
Открыл конференцию Вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Мансур Ошурбаев. В своем выступлении он отметил, что для устойчивого развития и защиты окружающей среды требуются усилия всех сторон — государства, бизнеса, международных организаций, гражданского общества и научных кругов.
Конференция собрала ведущих экспертов, представителей неправительственных организаций, государственных структур и международных партнеров. Среди почетных гостей мероприятия были Посол Европейского Союза в Казахстане, Ее Превосходительство г-жа Алешка Симкич, и Посол Чешской Республики Его Превосходительство г-н Павол Шепеляк, которые выразили свою поддержку усилиям Казахстана в области климатической политики и подчеркнули значимость международного сотрудничества для достижения глобальных целей.
Проект реализуется НПО «Арника» (Чешская Республика) и ОО «Карагандинский областной Экологический Музей». Срок реализации проекта: март 2022 г. ‒ октябрь 2024 г.
