[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/845945?lang=kk
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев “Эйкос” ЖШС-ның Семей қаласындағы автокөлік шиналарын қайта өңдеу орталығына барды. Бұл жоба шиналарды қайта өңдеп, утилизациялау арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
“Эйкос” ЖШС – Қазақстандағы автокөлік шиналарының ең ірі импорттаушы және жеткізуші компанияларының бірі. Компанияның корпоративтік клиенттері қатарында «ӨзенМұнайГаз», «ҚазТрансГаз», KEGOC, ҚТЖ және PetroRetail сияқты 10 000-нан астам ірі ұйымдар бар. Компанияда 17 қалада 1300 қызметкер жұмыс істейді.
Семейдегі орталық жылына 6 260 тонна автокөлік шиналарын қайта өңдейді, ал екі ауысымды жұмыс режиміне көшкенде өндірістік қуаттылық 12 520 тоннаға дейін артады. Сондай-ақ, компания пиролиз әдісімен шиналарды қайта өңдеу жобасын іске қосуды жоспарлап отыр, бұл тағы 3 130 тоннаға қосымша өңдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның жалпы жылдық қуаты 15 650 тоннаны құрайды.
Экология министрі осындай бастамалардың экологияны жақсартуға маңыздылығын атап өтіп, мұндай орталықтардың Қазақстанның басқа өңірлерінде де ашылатынына үміт білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/845945?lang=ru
В рамках рабочей поездки Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев посетил центр переработки автошин компании ТОО “Эйкос” в городе Семей. Этот проект направлен на переработку и утилизацию автомобильных шин, что помогает снизить нагрузку на окружающую среду.
ТОО “Эйкос” — один из крупнейших импортеров и поставщиков автомобильных шин в Казахстане, с более чем 10 000 корпоративных клиентов, включая «ОзенМунайГаз», «КазТрансГаз», KEGOC, КТЖ и PetroRetail. В компании работают 1300 сотрудников в 17 городах страны.
Центр в Семее перерабатывает 6 260 тонн автошин в год с возможностью увеличения до 12 520 тонн при переходе на двухсменный режим. В планах также запуск проекта по переработке шин методом пиролиза, что добавит ещё 3 130 тонн. Суммарная мощность переработки достигнет 15 650 тонн в год.
Министр отметил важность подобных инициатив для улучшения экологии и выразил надежду, что такие центры будут открываться в других регионах Казахстана.
