[:kz]Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу[:ru]Встреча с населением Акмолинской области

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/830848?lang=kk

Бүгін Ақмола облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдерімен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевпен кездесу барысында экология, орман шаруашылығын дамыту, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері, қалдықтармен жұмыс істеу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Вице-министр Ақмола облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы екенін атап өтті.

Мысалы, Ақмола облысы бойынша экопроблемаларды шешу бойынша Жол картасында 30 іс-шара көзделген, оның ішінде бүгінгі күні 10-ы орындалды, атап айтқанда: Аршалы, Зеренді, Ерейментау аудандарында және Көкшетау қаласында жел электр станцияларының құрылысы аяқталды.

Қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі проблемалар оның әлсіз дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны болып табылады.

Облыста сұрыпталған қайта өңделетін шикізатты сұрыптауды, қабылдауды және өткізуді, сондай-ақ қайта өңделетін шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын 4 кәсіпорын жұмыс істейді.

Орман шаруашылығын дамыту бойынша вице-министр Президенттің 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасы аясында биыл облыста 13,8 млн. дана отырғызу жоспарланып отырғанын атап өтті, ал жыл басынан бері 2 мың гектар алқапқа 13 млн. дана ағаш отырғызылды.

Бұдан басқа, өткен жылы ұлттық паркте орман өрттерін уақтылы анықтау және жою мақсатында өрттерді ерте анықтау жүйесі енгізілді, ол өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.

Сондай-ақ, Н.Шәрбиев азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, онда халықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Ал іс-шара соңында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/830848?lang=ru

Вопросы экологии, развития лесного хозяйства, несанкционированных свалок, обращения с отходами и другие не менее важные вопросы обсуждались сегодня в ходе встречи с населением и представителями некоммерческих организаций Акмолинской области с вице-министром экологии и природных ресурсов РК Нуркеном Шарбиевым.

Он отметил, что экологическая ситуация в Акмолинской области относительно благополучная.

К примеру, в Дорожной карте по решению экопроблем по Акмолинской области предусмотрено 30 мероприятий, из которых на сегодня исполнено 10, в частности: завершено строительство ветровых электростанций в Аршалынском, Зерендинском, Ерейментауском районах и г.Кокшетау.

В сфере обращения с отходами основными проблемами являются его слабая развитая инфраструктура, несоответствие полигонов ТБО нормам, значительное количество несанкционированных свалок.

В области функционируют 4 предприятия, осуществляющих сортировку, прием и реализацию отсортированного вторсырья, а также переработку вторсырья.

По развитию лесного хозяйства вице-министр отметил, что в рамках инициативы Президента по посадке 2 млрд. деревьев, в этом году в области в планах посадить 13,8 млн. штук. деревьев на площади 2 тыс. га. С начала года уже посажено 13 млн. штук на площади 2 тыс. га.

Кроме того, в целях своевременного обнаружения и ликвидации лесных пожаров в прошлом году в нацпарке внедрена система раннего обнаружения пожаров, которая показала свою высокую эффективность.

Также Н.Шарбиев провел личный прием граждан, на котором также ответил на волнующие население вопросы, а в завершении мероприятия был организован брифинг для представителей местных и республиканских СМИ.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх