[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/817360?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі Науман Баширмен және оның орынбасарымен кездесу өткізді. Кездесу аясында Шығын және залал жөніндегі Қордың кеңес қызметіне басты назар аударылды, сондай-ақ вице-министр осы Қордың балама мүшесі болып тағайындалуда Қазақстанға көрсетілген қолдауды атап өтті.
Кездесу барысында Жасыл климаттық қормен ынтымақтастық перспективалары туралы пікірталастар өткізілді, атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған ЖКҚ бесінші Басқарма кеңесінің мүшелерін іріктеу процесі талқыланды.
Сонымен қатар, екі тарап БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясына (СОР29) жоспарларын талқылады, климаттың өзгеруіне қарсы күресте өршіл мақсаттарға қол жеткізудің және парниктік газдар шығарындыларын азайту және тұрақты дамуға жәрдемдесу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар Париж келісімінде және климаттың өзгеруі саласындағы басқа да халықаралық құжаттарда баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/817360?lang=ru
Вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Мансур Ошурбаев провел встречу с Послом Пакистана в Казахстане Науманом Баширом и его заместителем. Основное внимание в рамках встречи было уделено деятельности Совет Фонда по потерям и ущербу, а также вице-министр отметил поддержку, оказанную Казахстану в назначении альтернативным членом данного Фонда.
В ходе встречи также провели дискуссии о перспективах сотрудничества с Зеленым климатическим фондом, в частности обсудили отбор состава членов Совета пятого Правления ЗКФ на 2025-2027 года.
Вместе с этим, обе стороны обсудили планы на предстоящую 29-ю Конференцию Сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата (СОР29), подчеркнули важность достижения амбициозных целей в области борьбы с изменением климата и выполнения обязательств по сокращению выбросов парниковых газов и содействию устойчивому развитию.
В завершении встречи стороны договорились расширять сотрудничество для достижения целей, изложенных в Парижском соглашении и других международных документах в области изменения климата.
