[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/815066?lang=kk
Ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы инвесторларды тарта отырып, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды тапсырды.
Осы тапсырма аясында Үкімет қайта өңдеу төлемдерін пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында 94 инвестициялық жобаның пулын қалыптастырды. Барлық жобалар мүдделі тараптармен, атап айтқанда әкімдіктермен және бизнес-қауымдастықтармен келісілді.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ «ADC TAZA А’LEM» ЖШС биогаздан электр қуатын өндірумен ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастау рәсіміне қатысты.
Жоба жылына 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, ірі көлемдегі қалдықтарды сұрыптауды 120 мың тонна/жыл, органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді – 80 мың тонна/жылына қарастырады. 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қалдықтарды басқару саласындағы мұндай жобалардың толық жүзеге асырылуы аймақтардың экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/815066?lang=ru
В феврале текущего года Главой государства поручено строительство заводов по переработке отходов с привлечением инвесторов.
В рамках данного поручения Правительством сформирован пул из 94 инвестиционных проектов в области управления отходами за счет средств утилизационных платежей. Все проекты согласованы с заинтересованными сторонами, в частности акиматами и бизнес-сообществом.
Реализация вышеуказанных проектов позволит увеличить уровень переработки коммунальных отходов с текущих 1 млн тонн до 2,2 млн. тонн в год.
24 июля текущего года Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и АО «Жасыл даму» принято участие на церемонии начала реализации первого проекта по строительству завода, техно-экопарка по переработке ТБО с производством электричества из биогаза ТОО «ADC TAZA A’LEM».
Проект предусматривает сортировку 120 тыс. тонн ТБО в год, сортировку крупногабаритных отходов 120 тыс. тонн/год, переработка органических отходов – 80 тыс. тонн/год. Планируется создание 70 новых рабочих мест.
Полноценная реализация таких проектов в сфере управления отходами позволит улучшить экологическую и экономическую обстановку в регионах.
