[:kz]Ақмола облысында Road «Таза Қазақстан» эстафетасы басталды[:ru]Road-эстафета «Таза Қазақстан» стартовала в Акмолинской области

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/788978?lang=kk

Ақмола облысының Аршалы ауданында «Таза Қазақстан» Road эстафетасы басталды. Оның салтанатты ашылуына Қазақстанның экология министрі Ерлан Нысанбаев, «Aманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, депутаттық корпустың өкілдері, «Жасыл даму» АҚ, «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өндірушілер қауымдастығы», жұртшылық және эковолонтерлер қатысты.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының барлық кезеңінде биылғы жылдың 23 наурызы мен 11 мамыры аралығында оған 745 мыңнан астам адам қатысты, акция аясында 160 мың тоннаға жуық қоқыс жиналып, 330 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Ағаш отырғызу 20 сәуірде еліміздің оңтүстік өңірлерінде, ал 27 сәуір мен 11 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша орман отырғызу күні аясында жүргізілді.

Сонымен қатар, 19 наурыз бен 19 сәуір аралығында экология министрлігі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық оқушылар арасында «Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?» тақырыпты шығармашылық жазба жазу конкурсын ұйымдастырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал 60 жұмыстың авторлары ынталандыру силықтарына ие болды.

«Бүгін, жалпыұлттық акция автомобиль жолының жол бойындағы аумағын қоқыстан тазарту бойынша Road-эстафетаның басталуымен жалғасуда. Іс-шара бүгін Аршалы кентінде басталып, 14 маусымда Қонаев қаласында аяқталады. Эстафетаға маршрут бойынша орналасқан облыстар мен қалалардың белсенділері мен еріктілері қатысады.

Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, эстафетаның барлық қатысушыларына ашық жол тілеймін!»,- деді өз сөзінде Е. Нысанбаев.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/788978?lang=ru

В Аршалынском районе Акмолинской области дан старт Road-эстафете «Таза Қазақстан», в торжественном открытии которого приняли участие министр экологии Казахстана Ерлан Нысанбаев, Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Дәулет Кәрібек, представители депутатского корпуса, АО «Жасыл даму», Ассоциации переработчиков вторичного сырья, общественности и эковолонтеры.

Надо отметить, что за весь период общенациональной акции «Таза Қазақстан» с 23 марта по 11 мая этого года, в ней приняли участие более 745 тыс. человек, собрано порядка 160 тыс. тонн мусора, высажено около 330 тыс. деревьев.

Посадка деревьев также проводилась 20 апреля в южных регионах нашей страны, а 27 апреля и 11 мая уже по всей республике, в рамках Всеказахстанского дня посадки леса.

Кроме того, с 19 марта по 19 апреля, Министерством экологии при содействии акимата г.Астаны, проведен конкурс сочинений среди столичных школьников по теме: «Какой вклад я внесу в улучшение экологии Казахстана?». Победители были награждены ценными призами, а авторы 60 работ получили поощрительные призы.

«Вот сегодня, общенациональная акция продолжается стартом ROAD-эстафеты по очистке от мусора придорожной территории автомагистрали. Эстафета стартует сегодня в поселке Аршалы и завершится 14 июня в городе Конаев. Участие в эстафете примут активисты и волонтеры областей и городов, расположенных по маршруту.

Выражаю благодарность организаторам и хочу пожелать открытой дороги всем участникам эстафеты!», – сказал обращаясь к участникам акции Е.Нысанбаев.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх