[:kz]Өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы[:ru]О готовности к пожароопасному периоду

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/769674?lang=kk

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында экология министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық туралы айтып берді. Орман қоры аумағы бүгінде 30,9 млн гектарды құрайды, оның ішінде орманмен жабылған – 13,7 млн. гектар.

Ол осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстың негізгі тұстарын атап өтті:

– экология, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында табиғи өрттерге ден қою кезінде жедел өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді;

– Қазгидрометтен метеодеректерді барлық орман иелеріне беру алгоритмі әзірленді;

– азаматтық қорғау академиясының базасында мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станцияларының 1332 қызметкері оқудан өтті;

– Абай облысында «Өрт-2024» орман өрттерін сөндіру бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне орман ресурстарын пайдалану кезінде талаптарды күшейту бойынша толықтырулар енгізіліп, сондай-ақ орман қорын қорғау, пайдалану жөніндегі нормалар мен нормативтер кеңейтілді.

Сондай-ақ, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық жабдықталуын нығайтуға көп көңіл бөлінеді.

Мысалы, өткен жылы Министрліктің табиғатты қорғау ұйымдары үшін шамамен 9 млрд. теңге сомасына 25 өрт сөндіру автомашинасы, 51 шағын орман өрті кешені, 154 трактор, 73 патрульдік автомашина және 655 бірлік өртке қарсы жабдық (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер және басқалар) сатып алынды.

Жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 6,6 млрд. теңгеге 20 өрт сөндіру автомашинасын, 127 тракторды және 76 патрульдік машинаны сатып алды.

Сонымен қатар, қолда бар техниканың тозу пайызы жоғары болып қалады және өрт сөндіру машиналары бойынша 72%, тракторлар бойынша 50% және патрульдік машиналар бойынша 55% құрайды.

Биыл кешенді жоспар шеңберінде материалдық-техникалық жарақтандыру жалғастырылатын болады. Орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

«Министрлік мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерін болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда», – деді Е.Нысанбаев.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/769674?lang=ru

Сегодня в ходе пресс-конференции в Правительстве РК министр экологии Ерлан Нысанбаев рассказал о готовности к пожароопасному периоду текущего года на территории государственного лесного фонда страны, площадь которой на сегодня составляет 30,9 млн гектар, в том числе покрытой лесом – 13,7 млн. га.

Он отметил основные моменты проведенной работы к настоящему времени:

– утвержден Алгоритм оперативного взаимодействия при реагировании на природные пожары между министерствами экологии, чрезвычайных ситуаций, обороны и Комитета национальной безопасности;

– разработан Алгоритм передачи метеоданных от Казгидромет всем лесовладельцам;

– на базе Академии гражданской защиты уже прошли обучение 1332 сотрудника государственной лесной охраны и лесных пожарных станций;

– в области Абай запланировано проведение республиканских командно-штабных учений по тушению лесных пожаров «Өрт-2024», в котором примут участие представители заинтересованных государственных органов.

Кроме того, в правила пожарной безопасности в лесах внесены дополнения по усилению требований при пользовании лесными ресурсами, а также расширены нормы и нормативы по охране, защите, пользованию лесным фондом.

Большое внимание также уделяется укреплению материально-технического оснащения лесхозов.

К примеру, в прошлом году для природоохранных организаций Министерства приобретено 25 пожарных автомашин, 51 малый лесопожарный комплекс, 154 трактора, 73 патрульные автомашины и 655 единиц противопожарного оборудования (дисковые бороны, плуги, прицепы и другие) на сумму порядка 9 млрд. тенге.

Местными исполнительными органами приобретено 20 пожарных автомашин, 127 тракторов и 76 патрульных машин на общую сумму 6,6 млрд. тенге.

Вместе с тем, процент износа имеющейся техники остается высоким и составляет 72% по пожарным машинам, 50% по тракторам и 55% по патрульным машинам.

В этом году материально-техническое оснащение в рамках Комплексного плана будет продолжено. Уже активно ведутся работы по внедрению систем раннего обнаружения лесных пожаров.

«Министерством принимаются все необходимые меры по недопущению крупных лесных пожаров на территории государственного лесного фонда», – сказал в завершении Е.Нысанбаев.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх