[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/763700?lang=kk
Сәуір – тазалық орнатудың дәстүрлі уақыты. Тарбағатай ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлері 29-30 сәуір күндері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Бұлақ көрсең, көзін аш!» атты экологиялық акция өткізді.
Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-аналары «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты лайлама – құсын кетіресің», «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме» деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген. «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деп өсиет айтқан. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, ол суды адамдар тек ішу үшін ғана пайдаланбайды, егін, бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, өнеркәсіптің түрлі салаларына қолданылатындығынан да хабардар етпекпіз.
Бұл акцияны өткізу өлкеміздің қоршаған ортасының экологиялық жағдайын жақсартады, табиғат байлығы – бұлақ көздерін қорғай білуге, өлкеміздің табиғи ресурстарын аялауға үлгі болатыны анық.
Іс-шара нәтижесінде ұлттық парк аумағында 39 бұлақ көзі тазаланды. Қатысушылар саны – 45 адам.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/763700?lang=ru
Апрель – традиционное время для уборки. Государственные инспектора и сотрудники национального парка Тарбагатай 29-30 апреля в рамках Международной природоохранной акции «Марш парков – 2024» провели экологическую акцию «Бұлақ көрсең, көзін аш!».
Поддержание чистоты воды означает ее защиту. Наказ наших прадедов говоривших о национальных традициях, чтобы мы ценили воду, не мутили воду в реке. Наши родители, говорили: «Суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты лайлама – құсын кетіресің», «Өзің су ішкен құдығыңа түкірме». Руководствуясь этим принципам, мы также хотим сообщить, что вода используется людьми не только для питья, она используется для орошения сельскохозяйственных культур, садоводства, животноводства, различных отраслей промышленности.
Проведение данной акции позволит улучшить экологическое состояние окружающей среды нашего края, послужит примером сохранения природных богатств – источников, бережного отношения к природным ресурсам нашего края.
В результате мероприятия на территории национального парка было очищено 39 родниковых источника. Количество участников – 45 человек.
