[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/724576?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі қаралды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткенін еске салды. Бұл қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін іске қосуға және қайта өңдеу қуаттарына қатысты. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі несие беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.
Бүгінгі таңда 232 млрд теңгеден асатын 94 жоба іріктелді. Оларды іске асыру төсемтастарды, люктерді, қоқыс жәшіктерін, шыны ыдыстарды, стрейч пленкаларын және басқа да халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан асатын сұрыптау желілерін салу және жаңғырту бойынша өңірлер арқылы 21 жоба пысықталды. Жобаларды іске асыру сұрыптау желілерінің қуатын қазіргі 1,7 млн тоннадан 4,7 млн тоннаға дейін жеткізуге, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі қалалар мен ірі елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асатын жаңа 37 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өңдеу көлемін жылына 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі тиісті инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.
Отырыста Қазақстан қаптамашылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы қуат көздерін жаңғырту туралы баяндама жасады.
Премьер-Министр атап өткендей, республиканың көптеген өңірлерінде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда. Оларды жою мәселелері уақтылы шешілмейді. Премьер-Министрдің айтуынша, тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті тетіктерін әзірлеу қажет. Премьер-Министр мысал ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» компаниясы полиэтилен мен қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, халық тұтынатын әр түрлі тауарлар өндіріп отырғанын айтты. Шымкентте «Еврокристалл» компаниясы шыныны қайта өңдеп, ыдыс-аяқ шығарады.
Алматы облысында «KZ recycling» компаниясы макулатурадан қағаз өнімдерін шығарады. Ал Қызылорда облысында әрбір аудан қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өз жобаларын іске асыруда.
Бұл ретте Үкімет басшысы Атырау, Ақтөбе және Абай облыстары көптен бері қалдықтарды сұрыптау желісін іске қоса алмай отырғанын атап өтті.
Олжас Бектенов жалпы, бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнес болып отырғанын, Қазақстан да бұл бағытта замана көшінен қалмауға тиіс екенін атап өтті.
Үкімет басшысы сондай-ақ қалдықтар жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін ЭкоҚолдау төлем бағдарламасының тетігі қайта іске қосылғанын айтты.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үкімет басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвесторлар тартудың қосымша тетіктерін әзірлеуді, тиісті инфрақұрылымдық жобалары бойынша өтінімдерді жеделдетіп қарау шараларын қабылдауды және толық пайдалануға берілгенге дейін әрбір жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-Министр осы салада басталған барлық жобаларды іске қосу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/724576?lang=ru
Вопрос строительства заводов по переработке твердых бытовых отходов в крупных городах рассмотрен на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова.
Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев напомнил, что Правительством утвержден механизм льготного финансирования проектов в сфере управления отходами. Это касается приобретения мусоровозов, запуска сортировочных линий и перерабатывающих мощностей. Финансирование предусмотрено через Фонд развития промышленности со ставкой вознаграждения 3% и сроком предоставления займа от 3 до 15 лет.
На сегодняшний день отобрано 94 проекта более чем на 232 млрд тенге. Их реализация позволит наладить выпуск брусчатки, люков, мусорных баков, стеклянной тары, стрейч-пленки и других товаров народного потребления.
С регионами также проработан 21 проект по строительству и модернизации сортировочных линий мощностью более 3 млн тонн в год. Реализация проектов позволит довести мощность сортировочных линий с текущих 1,7 до 4,7 млн тонн, а также охватить города и крупные населенные пункты всех регионов страны.
В части переработки твердых бытовых отходов планируются строительство 37 новых и модернизация 8 действующих заводов общей мощностью более 1,2 млн тонн в год. Это позволит довести объем переработки до 1,4 млн тонн в год.
О реализации соответствующих инфраструктурных проектов в регионах проинформировали аким области Жетісу Бейбит Исабаев и аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев.
С докладом о создании новых и модернизации действующих перерабатывающих мощностей на заседании также выступил председатель правления Ассоциации упаковщиков Казахстана Батырбек Аубакиров.
Как отметил Премьер-Министр, во многих регионах республики до сих не удалось организовать эффективный сбор и вывоз, сортировку и переработку коммунальных отходов. Повсеместно образуются несанкционированные свалки, несвоевременно решаются вопросы их ликвидации. По его словам, не находят своего решения вопросы утилизации и переработки пищевых отходов, которые являются не менее опасными. В этой связи требуется выработать механизмы утилизации от сбора до переработки. В качестве примера он озвучил, что в Северо-Казахстанской области компания «Радуга» перерабатывает отходы полиэтилена и бумаги, производит различные товары народного потребления. В Шымкенте компанией «Еврокристалл» перерабатывается стекло и выпускается стеклянная тара.
В Алматинской области компания KZ recycling выпускает из макулатуры бумажную продукцию. А в Кызылординской области каждый район прорабатывает свой проект по переработке отходов.
При этом Премьер-Министр указал, что в Атырауской, Актюбинской областях и области Абай уже продолжительное время не могут запустить линию сортировки отходов.
В целом Олжас Бектенов отметил, что во всем мире переработка мусора является выгодным бизнесом и Казахстан не должен отставать в этом направлении.
Он добавил, что также перезапущен механизм Программы выплат предприятиям, осуществляющим сбор, транспортировку и переработку отходов (ЭкоҚолдау).
На основании сказанного глава Правительства поручил разработать дополнительные механизмы привлечения инвесторов в сферу переработки отходов, принять меры для ускоренного рассмотрения заявок по соответствующим инфраструктурным проектам и обеспечить сопровождение каждого из них до полного ввода в эксплуатацию. Премьер-Министр поручил ускорить введение в эксплуатацию всех начатых проектов в данной сфере.
