[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. П. Эгидиюс Навикаспен кездесті.
Кездесу барысында Тараптар қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-ші отырысын өткізу туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, Литва тарапы сусындар бөтелкелері үшін депозиттерді қайтарудың (Deposite Refund System) нәтижелі технологиясын ұсынды.
Е.Нысанбаев өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан Экология және қоршаған ортаны қорғау саласында, атап айтқанда қалдықтарды басқару саласында озық тәжірибесі бар Литвамен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті бағыттардың бірі коммуналдық қалдықтарды басқару болып табылады. 2030 жылға дейін қазақстандық тарап қайта өңдеу деңгейін 40% – ға дейін жеткізуді жоспарлайды.
Осыған байланысты, Париж келісімі шеңберінде, оның ішінде қалдықтар секторы бойынша шығарындыларды азайту жөніндегі Қазақстан міндеттемелерін ескере отырып, біз Литваның қалдықтарды басқару жүйесін жолға қою, атап айтқанда депозиттік-қайтару жүйесін дамыту жөніндегі тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз.
Министр комиссия отырысы барысында Тарапдартың сарапшылары қалдықтарды басқару саласындағы жоғарыда аталған тәжірибені талқылай алатынын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар литвалық сарапшылардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру және мүдделі тараптардың кездесулерін өткізу арқылы осы мәселе бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Сегодня состоялась встреча Министра экологии и природных ресурсов РК Е.Нысанбаева с Чрезвычайным и Полномочным Послом Литовской Республики в Республике Казахстан Е.П. Эгидиюс Навикасом.
В ходе встречи Стороны обменялись мнениями о сотрудничестве в области управление отходами и проведении предстоящего 14-го заседания Казахстанско-литовской Межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству. Также, литовская сторона презентовала успешую технологию по возврату депозитов (Deposite Refund System) за бутылки из-под напитков.
Как отметил в своей речи Е.Нысанбаев, Казахстан заинтересован в развитии сотрудничества с Литвой, которая обладает передовым опытом в области экологии и охраны окружающей среды, в частности в сфере управления отходами.
Министр Е. Нысанбаев, отметил, что на сегодняшний день в Казахстане одним из актуальных направлений в сфере охраны окружающей среды является управление коммунальными отходами. До 2030 года казахстанская сторона планирует довести уровень переработки отходов до 40%.
В этой связи, учитывая обязательства Казахстан по сокращению выбросов в рамках Парижского соглашения, в том числе по сектору отходов, казахстанская сторона заинтересована в изучении опыта Литвы по налаживанию системы управления отходами, в частности развития депозитно-возвратной системы.
Министр отметил, что в ходе заседания Комиссии эксперты Сторон смогут обсудить вышеуказанный опыт литовской стороны в сфере управления отходами и далее.
По итогам встречи Стороны договорились продолжат взаимодействие по данному вопросу путем организации визита литовских экспертов в Казахстан и проведения встреч заинтересованных сторон.
