[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес.
Есепке алынуға тиіс үй жануарлары тізбесіне енгізілген, жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен және өзге де заттық құқықтармен тиесілі, оның ішінде жануарларға арналған панажайлардағы, жануарларды уақытша ұстау пункттеріндегі, жануарларға арналған оңалту орталықтарындағы, зоологиялық питомниктердегі үй жануарлары міндетті есепке алынуға, жануар иесі ауысқан жағдайда үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген дерекқорда міндетті қайта есепке алынуға жатады. Оның ішінде ит пен мысық міндетті есепке алынса, басқаларын есепке қою жануар иесінің өз еркінде.
Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Жануарлар иелерінің дербес деректері қамтылатын ақпаратпен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес үй жануарларының иесі үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады. Оған чиптер, болюстер және басқалар жатады.
Үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі.
Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Үй жануарын есепке алу кезінде оған үй жануарларын есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен үй жануарының жеке нөмірі беріледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беруге міндетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органға үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат береді.
Сонымен қатар, ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 685, 709 және 729-баптарына сәйкес, ішкі істер органдары, орман шаруашылығы, өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, қалпына келтіру, пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ҚР ӘҚБтК 407-1 (жануарларға қатыгездік таныту) және 407-2 (Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырады.
Өз кезегінде ҚР ӘҚБтК-нің 802 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс қозғауға: уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы; құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Согласно статьи 11 Закона Республики Казахстан «Об ответственном обращении с животными» (далее – Закон).
Домашние животные, включенные в перечень домашних животных, подлежащих учету, принадлежащие физическим и юридическим лицам на праве собственности и иных вещных правах, в том числе находящиеся в приютах для животных, пунктах временного содержания животных, реабилитационных центрах для животных, зоологических питомниках, подлежат обязательному учету, в случае смены владельца животного обязательному переучету в базе данных, предусмотренной правилами учета домашних животных. При этом собаки и кошки подлежат обязательному учету, остальные – добровольному.
Учет домашних животных осуществляется государственными ветеринарными организациями, созданными местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, физическими или негосударственными юридическими лицами, осуществляющими лечебно-профилактическую предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
Обращение с информацией, содержащей персональные данные владельцев животных, осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о персональных данных и их защите.
Учет домашних животных производится на платной основе с использованием изделий (средств) учета домашних животных. Согласно Правилам учета домашних животных владелец домашнего животного самостоятельно выбирает и приобретает изделие (средство) учета домашних животных (чипы, болюсы и другие).
Учет домашних животных, владельцы которых относятся к социально уязвимым слоям населения, проводится за счет бюджетных средств в соответствии с правилами учета домашних животных.
При учете домашнего животного ему присваивается индивидуальный номер домашнего животного в порядке, определенном правилами учета домашних животных.
Государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, физические или негосударственные юридические лица, осуществляющие лечебно-профилактическую предпринимательскую деятельность в области ветеринарии, обязаны ежеквартально не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, предоставлять в местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы информацию об учтенных домашних животных в соответствии с правилами учета домашних животных.
Местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы ежеквартально не позднее 30 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, предоставляют в уполномоченный орган в области ответственного обращения с животными информацию об учтенных домашних животных в соответствии с правилами учета домашних животных.
В тоже время согласно Кодекса РК «Об административных правонарушениях» административные дела за жестокое обращение с животными и нарушение законодательства Республики Казахстан в области ответственного обращения с животными (статья 407 КоАП РК) рассматриваются как органами внутренних дел, так и уполномоченными органами в области лесного хозяйства, охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также местными исполнительными органами.
В свою очередь в соответствии со статьей 802 КоАП РК поводами к возбуждению дела об административном правонарушении являются:
1) непосредственное обнаружение уполномоченным должностным лицом факта совершения административного правонарушения;
2) материалы, поступившие из правоохранительных органов, а также других государственных органов, органов местного самоуправления;
3) сообщения или заявления физических и юридических лиц, а также сообщения в СМИ.
Основанием для возбуждения дела об административном правонарушении является наличие достаточных данных, указывающих на признаки административного правонарушения.
