[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Президенті 2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Каспий теңізіндегі заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау үшін ағымдағы жылдың 1 наурызында ішкі істер министрлігімен бірлесіп Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2023 жылғы 27 наурызда экология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін қорғау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
- Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 972 бұзушылығын анықтап, жолын кесті. Нәтижесінде 669 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Сонымен қатар, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар балық түрлеріне заңсыз браконьерлік фактілер бойынша 36 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 15,7 млн. теңге айыппұл салынды.
- Заңсыз айналымнан 68 тонна 300 кг балық, оның ішінде 1001 кг бекіре, 29,5 кг бекіре балығының уылдырығы, 295 бірлік балық аулау құралдары, 76 бірлік су көлігі және 13 автокөлік тәркіленді.
- Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тыралдау нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 74 км-ден асатын 743 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды,- деп атап өтті А. Бахиянов.
Акция барысында Атырау облысының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандары, Дамба бағыты, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының су айдындары сияқты ең криминогенді учаскелер пысықталды.
Сонымен қатар, акцияға Шекара қызметінің, көліктік бақылау инспекциясының және резерваттың әскери қызметшілері белсенді қатысты.
Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2023» бірлескен кең ауқымды балық қорғау акциясы сәтті аяқталды, акцияны өткізудің түпкі нәтижесі бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу мерзімінің қолайлы өтуі.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылы 12 бірлік автокөлік және 6 жүзу құралы, сондай-ақ далалық жағдайларда рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін 60 планшет және 40 термопринтер сатып алынды.
Облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі нығайтуға 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді.
Мәселен, ағымдағы жылдың соңына дейін жүзу құралдарын, қайық моторларын, нысанды киім-кешектерді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды тіркеуге және ресімдеуге арналған арнайы жабдықтарды сатып алу жоспарлануда.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
По итогам рабочей поездки в Мангистаускую область 7 ноября 2022 года Президентом РК поручено активизировать работу по пресечению незаконного промысла рыб на Каспийском море.
Во исполнение данного поручения 1 марта текущего года совместно с Министерством внутренних дел разработан и утверждён План мероприятий по борьбе с браконьерством на водоемах Жайык-Каспийского бассейна на 2023-2025 годы.
Кроме того, 27 марта 2023 года между министерствами экологии и природных ресурсов, внутренних дел и Комитетом национальной безопасности РК в целях сохранения осетровых и других видов рыб, а также обеспечения благоприятных условий для их нереста подписан Совместный приказ «О проведении широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре-2023» на водоемах Урало-Каспийского бассейна.
- С начала акции инспекторами Жайык-Каспийской межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства совместно с сотрудниками правоохранительных, природоохранных органов и Пограничной службы КНБ РК выявлено и пресечено 972 нарушения природоохранного законодательства, в результате которых к административной ответственности привлечено 669 лиц.
- Кроме того, возбуждено 36 уголовных дел по фактам браконьерства и незаконного обращения с редкими и находящимися под угрозой исчезновения видами рыб. На нарушителей наложено штрафов на сумму 15,7 млн. тенге.
- Из незаконного оборота изъято 68 тонн 300 кг рыбы, из них 1001 кг осетровых видов, 29,5 кг икры рыб осетровых видов, 295 единиц орудий лова, 76 единиц водного транспорта и 13 автомашин.
- В результате ежедневного траления русла реки и морской акватории из водоемов извлечено 743 единицы незаконных орудий лова рыбы общей длинной более 74 км,- отметил А. Бахиянов.
В период акции правоохранительными и природоохранными органами Атырауской области отрабатывались наиболее криминогенные участки, такие как Исатайский, Жылыойский и Курмангазинский районы, Дамбинское направление, а также водоемы государственного природного резервата «Акжайык».
В проводимой акции активное участие принимали военнослужащие пограничной службы, Инспекции транспортного контроля и резервата.
Совместная широкомасштабная рыбоохранная акция «Бекіре-2023» в Атырауской, Мангистауской и в Западно-Казахстанской областей успешно завершена, а конечным результатом ее проведения явился беспрепятственный проход рыбы осетровых и частиковых видов на нерест.
Кроме того, в целях исполнения поручения Главы государства по укреплению материально-технического оснащения межобластных бассейновых инспекции рыбного хозяйства в 2022 году приобретено 12 единиц автотранспорта и 6 плавсредств, а также 60 планшетов и 40 термопринтеров для осуществления рейдов в полевых условиях.
На дальнейшее укрепление материально-технического оснащения межобластных бассейновых инспекции рыбного хозяйства из республиканского бюджета в 2023 году выделено 1,9 млрд. тенге.
Так, до конца текущего года планируется приобрести плавательные средства, лодочные моторы, форменное обмундирование, а также специальное оборудование для фиксации и оформления правонарушений в период рейдовых мероприятий.
