[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгінгі кездесу барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт мырза климаттың өзгеруіне бейімделу, биоәртүрлілікті сақтау, Каспий теңізінің фаунасын қорғау және жастардың экологиядағы рөлі туралы кейбір мәселелерді талқылады.
Жастар туралы айта келе, Министр оның экологиялық хабардарлық пен экологиялық мәдениетті арттырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті. Мәселен, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Экология болашағы» бағыты халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, Экология министрлігі аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру сияқты экологиялық іс-шараларды өткізу кезінде жастарды тартуға тырысады («Жасыл ел» қозғалысы, «Birge-Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы және т.б.).
Климаттың өзгеруіне бейімделу мәселесі бойынша бүгінгі күні Министрлік процестің әрбір кезеңін жүзеге асыруды неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру үшін климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын әзірлеп, бекіткенін атап өту қажет. Парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары, сондай-ақ экономика мен халықтың осал секторларының климаттың өзгеруіне байқалатын және күтілетін салдарға тұрақтылығын арттыру үшін іс-шаралар көзделген ОНУВ-ны (ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар) іске асырудың Жол картасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін талқылау кезінде З.Сүлейменова: «Қазақстан бірқатар халықаралық экологиялық келісімдердің тарапы болып табылады, олардың ішінде біз 1994 жылы ратификациялаған биологиялық әртүрлілік туралы конвенция, базалық түрі деп айтуға болады.
Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және тұтастай алғанда табиғи экожүйелерді сақтаудың ең тиімді шарасы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру және оның жұмыс істеуі болып табылады».
Қазіргі уақытта республикада барлық табиғи аймақтарда мемлекеттік табиғи-қорық қорының 159 объектісі, оның ішінде кез келген шаруашылық қызметті болдырмайтын 10 мемлекеттік табиғи қорық бөлінген.
Мысалы, 2022 жылы Орал ақбөкен популяциясын сақтау және басқару мақсатында жалпы ауданы 343 мың гектардан асатын «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 314 мың гектардан асатын «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
Каспий теңізінің фаунасын сақтау үшін Министрлік балық қорларын қорғау саласындағы браконьерлікке қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және су биологиялық ресурстарының жай-күйін зерделеу бойынша ғылыми зерттеулермен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.
Кездесу соңында Министр Фолькер Фробарт мырзаға алғысын білдіріп, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және зерттеу мәселесінде одан әрі қолдауға сенетінін айтты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
В ходе сегодняшней встречи Министр экологии и природных ресурсов РК Зульфия Сулейменова и глава Офиса программ ОБСЕ в Астане г-н Фолькер Фробарт обсудили некоторые вопросы о мерах по адаптации к изменению климата, сохранения биоразнообразия, защите фауны Каспийского моря и роли молодежи в экологии.
Говоря о молодежи, Министр отметила важность его роли в повышении экологической осведомленности и экологической культуры. Так, одно из направлений Национального проекта «Зеленый Казахстан», «Экология болашағы», направлено на повышение уровня экообразования и культуры населения, особенно у подрастающего поколения.
Кроме того, Министерство экологии старается привлекать молодежь при проведении экологических мероприятий, как озеленение и благоустройство территорий, (движение «Жасыл ел», экологическая акция «Birge-taza Qazaqstan» и др.).
По вопросу адаптации к изменению климата необходимо отметить, что на сегодняшний день Министерством разработаны и утверждены Правила организации и реализации процесса адаптации к изменению климата, для более детального разъяснения осуществления каждого этапа процесса. Уже ведутся работы по разработке Дорожной карты реализации ОНУВ (определяемые на национальном уровне вклады), где предусмотрены меры сокращения выбросов парниковых газов, а также мероприятия для повышения устойчивости уязвимых секторов экономики и населения к уже наблюдаемым и ожидаемым последствиям к изменению климата.
При обсуждении вопросов сохранения биоразнообразия З.Сулейменова сказала: «Казахстан является стороной ряда международных экологических соглашений, среди которых базовой конвенцией является Конвенция о биологическом разнообразии, которую мы ратифицировали в 1994 году.
Наиболее эффективной мерой сохранения эндемичных, редких и исчезающих видов, уникальных эталонных участков и природных экосистем в целом, является создание и функционирование системы особо охраняемых природных территорий».
На данный момент в республике во всех природных зонах выделено 159 объектов государственного природно-заповедного фонда, в том числе 10 государственных природных заповедников, исключающих любую хозяйственную деятельность.
К примеру, в 2022 году, в целях сохранения и управления уральской популяции сайги, создан Государственный природный резерват «Бокейорда», с общей площадью свыше 343 тыс. га и Ащиозекский государственный природный заказник в Западно-Казахстанской области на общей площади свыше 314 тыс. га.
Для сохранения фауны Каспийского моря Министерством внесены ряд предложений, направленных на повышение эффективности борьбы с браконьерством в области охраны рыбных запасов и обеспечения научными исследованиями по изучению состояния водных биологических ресурсов.
В завершение встречи, Министр поблагодарила г-на Фолькера Фробарта и добавила, что рассчитывает на дальнейшую поддержку в вопросе сохранения и изучения водных биологических ресурсов Каспийского моря.
