Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 16 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиев Ұлыбританияның Шетелдегі аумақтар, достастық, энергетика, климат және қоршаған орта істері министрі Зак Голдсмит лордпен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында биоалуантүрлілікті сақтау, Қазақстанның табиғат пен адамдарды қорғау үшін жоғары амбициялар коалициясына қосылуға дайындығы мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, Қазақстан көптеген халықаралық конвенциялардың (Биоәртүрлілікті сақтау Конвенциясы, Рамсар Конвенциясы, CITES және т.б.) жақтаушысы ретінде биоәртүрлілік пен негізгі экожүйелерді сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Жалпы Қазақстанда әртүрлі санаттағы 119 ЕҚТА бар, олардың жалпы ауданы 29,3 млн. гектардан асады.
Н.Шәрбиев атап өткендей, Қазақстанда елдің ормандылығын арттыру, ақбөкендердің санын қалпына келтіру, тіршілік ету ортасын қалпына келтіру және жолбарысты кейіннен реинтродукциялау үшін жем-шөп базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Өз кезегінде Лорд Зак Голдсмит Қазақстанды «Алтын Дала» бастамасы бойынша жетістіктерімен және оған БҰҰ-ны қалпына келтірудің әлемдік флагманы мәртебесін беруімен құттықтады.
Тараптар Қазақстанның табиғат пен адамдарды қорғаудағы жоғары амбициялар коалициясына қосылуға дайындығы (30×30 жаһандық мақсатқа жету бойынша) және көшбасшылардың табиғатты қолдаудағы міндеттемелері туралы мәселелерді талқылады.
Кездесу аясында Н.Шәрбиев министрлік Қазақстанның жоғары амбициялар коалициясына қосылуының артықшылықтарын көріп отырғанын, бұл Қазақстандағы ЕҚТА желісін дамытуды қолдау үшін халықаралық қорлардан инвестициялар тартуға оң ықпал ететінін атап өтті.
«Қазақстанның 30% құрлықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге әлеуеті бар. Өйткені, 30х30 тұжырымдамасы қорғалатын аумақтардың тізбесіне мемлекеттік қорғалатын аумақтар ғана емес, сонымен қатар қорғалатын аумақтардың басқа да нысандары кіруі мүмкін және Қазақстан жағдайында бұл аңшылық шаруашылықтары болуы мүмкін деп болжайды. Аңшылық шаруашылықтарының аумақтары күзетпен қамтамасыз етілген және бұл аумақтарда шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері бойынша шектеулер де бар. Қазақстандағы аңшылық алқаптардың жалпы ауданы 143 606 мың га құрайды және бұл ел аумағының 52% – «құрайды», – деді Н. Шәрбиев.
Кездесу қорытындысы бойынша «табиғат пен адамдарды қорғаудағы жоғары амбициялар коалициясына» қосылу және «көшбасшылардың табиғатты қолдау жөніндегі міндеттемелерін» қабылдау туралы шешім қабылданды.
[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
16 марта 2023 года вице-министр экологии и природных ресурсов Шарбиев Н.К. провел онлайн-встречу с Министром по делам заморских территорий, содружества, энергетики, климата и окружающей среды Великобритании Лордом Зак Голдсмит.
В ходе встречи были обсуждены вопросы по сохранению биоразнообразия в Республике Казахстан, готовность Казахстана к присоединению к Коалиции высоких амбиций в защиту природы и людей.
Надо отметить, что Казахстан как сторонник многих международных конвенций (Конвенция сохранения биоразнобразия, Рамсарская конвенция, CITES и др.) проводит обширную работу по сохранению биоразнообразия и ключевых экосистем. В целом в Казахстане существуют 119 ООПТ разных категорий, общая площадь которых составляет более 29,3 млн.га.
Как отметил Н.Шарбиев в Казахстане проведена большая работа по увеличению лесистости страны, восстановлению численности сайгаков, восстановлению среды обитания и созданию кормовой базы для последующей реинтродукции тигра.
В свою очередь Лорд Зак Голдсмит поздравил Казахстан с успехами по Инициативе «Алтын Дала» и присвоением ему статуса Мирового флагмана восстановления ООН. Отметил
Стороны обсудили вопросы о готовности Казахстана к присоединению к Коалиции высоких амбиций в защиту природы и людей (по достижению глобальной цели 30х30) и Обязательству лидеров в поддержку природы.
На полях встречи вице-министр подчеркнул, что Министерство видит преимущества в присоединении Казахстана к Коалиции высоких амбиций, это будет позитивно способствовать привлечению инвестиций от международных фондов в поддержку развития сети ООПТ в Казахстане.
«У Казахстана есть потенциал достичь цель обеспечения защиты 30% суши. Так как концепция 30X30 предполагает, что в перечень охраняемых территорий могут входить не только государственные охраняемые территории, но и другие формы охраняемых территорий и в условиях Казахстана это могут быть охотничьи хозяйства. Территории охотничьих хозяйств обеспечены охраной и на этих территориях также есть ограничения по отдельным видам хозяйственной деятельности. Всего площадь охотничьих угодий в Казахстане занимает 143 606 тыс. га и это составляет 52% от площади страны» – сказал Н. Шарбиев.
По итогам встречи было принято решение о присоединении к “Коалиции высоких амбиций в защиту природы и людей” и принятии Обязательств лидеров в поддержку природы.
