Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабарти кездесу барысында ҚР Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын іске асыру және декарбонизациялау мәселелерін талқылады.
Бұл стратегия елдің төмен көміртекті дамуға қажетті инвестицияларын бағалауды көрсетеді, бұл ретте инвестициялардың едәуір бөлігі жоғары көміртекті жобалардың орнына жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, мемлекет тарапынан жұмыс істеп тұрған өндірістер мен инфрақұрылымды жедел жаңғыртуды ынталандыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы қолдау шараларын көрсету үшін төмен көміртекті саясаттың қолайлы инвестициялық ахуалын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ, кездесуде ақпараттық технологияларды енгізу, цифрлық платформаларға көшу, парниктік газдардың құрамы мен көлемінің мониторингін цифрландыру, шығарындылардың ғарыштық мониторингі, экономиканың барлық салаларындағы бизнес-процестерді цифрландыру және баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне көшу үшін озық халықаралық тәсілдер мен стандарттарды енгізу мәселелері талқыланды.
«Парниктік газдар шығарындыларын 15% – ға қысқарту жөніндегі орта мерзімді мақсатты іске асыру үшін 2030 жылға қарай экономиканың барлық секторлары бойынша декарбонизациялау үшін қажетті шараларды көрсететін жол картасын әзірлеу жоспарлануда», – деп атап өтті З. Сүлейменова талқылау барысында.
Бұдан әрі орман қорын дамыту, жердің шөлейттенуіне қарсы күрес және парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесі мәселелері талқыланды.
«Осы бағыттағы барлық жоспарланған жұмыстардың маңыздылығы жоғары және декарбонизация мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін болады», – деді ведомство басшысы.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Министр экологии и природных ресурсов Зульфия Сулейменова и Советник Президента РК по экономическим вопросам сэр Сума Чакрабарти в ходе встречи обсудили вопросы декарбонизации и реализации проекта Стратегии достижения углеродной нейтральности Республики Казахстан до 2060 года, утвержденной Указом Президента РК от 2 февраля 2023 года.
Данная стратегия отражает оценку необходимых инвестиций страны на низкоуглеродное развитие, при этом значительная часть инвестиций будет осуществляться вместо высокоуглеродных проектов.
Кроме того, со стороны государства будут предприняты меры по обеспечению благоприятного инвестиционного климата низкоуглеродной политики, для стимулирования ускоренной модернизации действующих производств и инфраструктуры, а также оказания адресных мер поддержки социально-уязвимым группам населения.
Также на встрече были обсуждены вопросы внедрения информационных технологий, переход к цифровым платформам, цифровизация мониторинга состава и объема парниковых газов, космический мониторинг выбросов, цифровизация бизнес-процессов во всех отраслях экономики и внедрение передовых международных подходов и стандартов, для перехода на альтернативные и возобновляемые источники энергии.
«В реализацию среднесрочной цели по сокращению выбросов парниковых газов на 15% к 2030 году планируется разработка Дорожной карты, в которой будут отражены необходимые меры для декарбонизации по всем секторам экономики», – отметила З.Сулейменова в ходе обсуждения.
Далее были обсуждены вопросы развития лесного фонда, борьбы c опустыниванием земель и системы торговли выбросами парниковых газов.
«Все запланированные работы в данном направлении имеет высокую важность и будет способствовать достижению цели по декарбонизации», – сказала в завершении глава ведомства.
