Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылдың 31 тамызынан 1 қыркүйегіне қараған түні Атырау қаласының ауасында жағымсыз иістің пайда болуы себепті Атырау облысы бойынша экология департаменті мен «Қазгидромет» РМК АФ тарапынан ұсынылған ауа сапасын бақылау станцияларының мәліметтеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде келесілер белгілі болды.
Жоғарыда көрсетілген уақытта қаланың атмосфералық ауасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы №ҚР ДСМ-70 бұйрығымен бекітілген «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтері» құжатындағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (ПДК) күкіртсутегі көрсеткішінің бірнеше есе өсу дерегі анықталды, яғни осы гигиеналық нормативтерді бұзушылық орын алған.
Атап айтқанда, №109 «Восток» станциясында 5,3 есе, №103 «Шағала» станциясында 5 есе, №112 «Акимат» станциясында 3,2 есе, №114 «Загородная» станциясында 3,9 есе және №108 «ТКА» станциясында 9,23 есе өсу орын алған.
Талдау көрсеткендей, сол мезгілде желдің бағыты оңтүстік-шығыс, жылдымдығы 4 м/с, ылғалдылық 760, ауа температурасы 320С құрағаны және бұл бағытта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің объектілері орналасқаны белгілі болды.
Өз кезегінде, Департамент «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуде және нәтижесі бойынша анықталған экологиялық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген гигиеналық нормативтерді бұзушылық дерегі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне құжаттар жолданды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
В ночь с 31 августа на 1 сентября 2022 года из-за появления неприятного запаха в воздухе города Атырау департаментом экологии по Атырауской области проведен анализ данных станций мониторинга качества воздуха.
В вышеуказанное время в атмосферном воздухе города установлен факт превышения показателя содержания сероводорода в несколько раз над предельно допустимой концентрацией (ПДК).
На станции №109 «Восток» произошло превышение в 5,3 раза, на станции №103 «Шагала» – в 5 раз, на станции №112 «Акимат» – в 3,2 раза, на станции №114 «Загородная» – в 3,9 раза и на станции № 108 «ТКА» – в 9,23 раза.
В ходе анализа установлено, что в это время направление ветра было юго-восточное, скорость 4 м/с, влажность 760, температура воздуха 320С, в сторону расположенных объектов ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод».
В связи с чем, Департаментом проводится внеплановая проверка в отношении ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод», по результатам которой будут приняты соответствующие меры по выявленным экологическим нарушениям.
Кроме того, по факту нарушения вышеуказанных гигиенических нормативов направлены документы в департамент санитарно-эпидемиологического контроля Атырауской области для привлечения ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод» к административной ответственности.
