[:kz]Жасыл Даму» АҚ-ның қаржылай қолдауымен шаруалар жеңілдетілген лизингпен техникасын жаңарта бастады[:ru]При финансовой поддержке АО «Жасыл даму» аграрии приступили к обновлению сельскохозяйственной техники

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қостанай облысында жеңілдетілген лизинг бойынша сатып алынған алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы иесіне табысталды. «Жасыл-Даму» АҚ (оператор ӨКЖ) қаражаты есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталғанын хабарлаған болатынбыз. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыру үшін 30 млрд теңгені «Жасыл даму» АҚ-ы бөлген болатын.

Бұл қаражат агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ға жеңілдетілген шарттармен бағытталатын болады.

Бағдарламаның қолайлы шарттары (6%-дық сыйақы мөлшерлемесі, аванстық төлемсіз, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімі және негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең) аграрлық қызметкерлерге айналым қаражатын босатуға және егін жинау науқаны кезінде шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бастапқы жарна салу және кепіл беру қажеттілігінің болмауы ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына егін жинау жұмыстарын бастау үшін техника паркін жеңілдікті талаптарда жаңартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да скоринг жүйесін енгізудің арқасында өтінімдер қысқа мерзімде қаралады және 5 күннен аспайды.

Бағдарламаның қолжетімді талаптары отандық өндірістің техникасына үлкен сұраныс тудырды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на Қазақстанның 13 өңіріндегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден отандық өндірістің 179 тракторы мен 74 комбайнын сатып алуға 14,6 млрд теңге сомасына 181 өтінім келіп түскен.

Бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін 20 жылға есептелген Бағдарлама бойынша одан әрі қаржыландыру револьверлік негізде жүзеге асырылады, қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға бағытталады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

В Костанайской области передана первая сельскохозяйственная техника, приобретенная по программе льготного лизинга. Как сообщали ранее 5 августа 2022 года стартовал прием заявок на участие в программе льготного лизинга по приобретению сельскохозяйственной техники отечественного производства. Для реализации программы выделено 30 млрд. тенге из средств АО «Жасыл даму”.

Данные средства будут направлены в АО «КазАгроФинанс» на льготных условиях для дальнейшего финансирования субъектов агропромышленного комплекса.

Выгодные условия Программы (ставка вознаграждения 6%, отсутствие авансового платежа, срок лизинга до 10 лет и льготный период по возврату основного долга) позволят аграриям высвободить оборотные средства и эффективно планировать расходы в период уборочной компании.

Отсутствие необходимости внесения авансового платежа и гарантийных обязательств позволит мелким и средним сельхозтоваропроизводителям обновить парк техники до начала уборочных работ. Кроме того, благодаря внедрению скоринговой системы в АО» КазАгроФинанс» заявки рассматриваются в кратчайшие сроки и не превышают 5 рабочих дней.

Доступные требования программы вызвали большой спрос на технику отечественного производства. На сегодняшний день поступила 181 заявка от сельхозтоваропроизводителей из 13 регионов Казахстана на приобретение 179 тракторов и 74 комбайнов отечественного производства на сумму 14,6 млрд тенге.

После полного освоения выделенных средств, дальнейшее финансирование по Программе, которая рассчитана на 20 лет, будет производиться на револьверной основе, платежи от погашения действующего лизинга будут вновь направляться для заключения новых договоров финансового лизинга.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх