[:kz]”Қазгидромет” РМК Климаттық кадастрға қолжетімділікті ашады[:ru]РГП «Казгидромет» открывает доступ к Климатическому кадастру

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, 1 тамыздан бастап “Қазгидромет” РМК 2021 жылдан бері сақталған деректері бар мемлекеттік Климаттық кадастрға қолжетімділік ашады. Бұл кадастр алғаш рет әзірленді, соңғы уақытқа дейін “Қазгидромет” РМК тек гидрологиялық кадастрды ғана құрды, бірақ көпжылдық бақылаулар бойынша деректер базасы сақталып, 100 жылдан астам жинақталды.

Мемлекеттік Климаттық кадастр — метеорологиялық деректердің Климаттық базасы негізінде қалыптасқан ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және атмосфераның басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы, метеорологиялық ақпаратқа негізделген жүйелендірілген деректер жиынтығы.

Климаттық кадастр үш бөліктен тұрады:
1. Метеорологиялық айлық;
2. Метеорологиялық жылнамалар;
3. Қазақстан климаты бойынша анықтамалықтар.

Мемлекеттік Климаттық кадастрдың деректері, жалпы мақсаттағы ақпаратқа жатады. 2022 жылдың күзіне дейін “Қазгидромет” РМК тәулік, ай, жыл және одан да көп уақыт ішінде өңделген ақпаратты ұсыну платформасын іске қосады.
Климаттық кадастрды пайдаланушылар, бұл ақпаратты ғылыми, техникалық және іздестіру мақсаттарында пайдалана алады.

Гидрометеорологиялық ақпаратты тұтынушылар, деректерді “Қазгидромет” РМК сайтында, келесі платформадан ала алады: https://meteo.kazhydromet.kz/climate_kadastr/.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

С 1 августа в соответствии с Экологическим Кодексом РК РГП «Казгидромет» открывает доступ к Государственному климатическому кадастру, где содержатся данные с 2021 года. Данный кадастр разработан впервые, до недавнего времени РГП «Казгидромет» составлял только гидрологический кадастр, но база данных по многолетним наблюдениям хранилась и накапливалась более 100 лет.

Государственный климатический кадастр – систематизированный свод данных, основанный на метеорологической информации о совокупности атмосферных условий, включающих в себя температуру воздуха, облачность, атмосферные явления, направление и скорость ветра, количество осадков и другие характеристики атмосферы, сформированный на основе климатической базы метеорологических данных.

Климатический кадастр состоит из трех частей:
1. Метеорологические ежемесячники;
2. Метеорологические ежегодники;
3. Справочники по климату Казахстана.

Данные государственного климатического кадастра относятся к информации общего назначения. До осени 2022 года РГП «Казгидромет» запустит платформу по предоставлению обработанной информации за сутки, месяц, год и более. Пользователи климатического кадастра смогут использовать данную информацию в научных, технических и изыскательных целях.

Потребители гидрометеорологической информации могут получать данные с платформы на сайте РГП «Казгидромет»: https://meteo.kazhydromet.kz/climate_kadastr/.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх