Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Үкіметте Экология министрі С.Брекешев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін іске қосу бөлігіндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс барысы туралы айтты.
Министрдің айтуынша, биылғы жылдың наурыз айында Экономиканы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында «Kaznedra» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында ақпараттық жүйені одан әрі іске асыру туралы ұсыныс қолдау тапқан.
Платформа ведомствоаралық болғандықтан, оған жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қатысады. Қазіргі уақытта осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.
«Осы жылдың соңына дейін деректер базасының құрылымы ретінде интерактивті карта, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияға өтінімнің бизнес-процесі сияқты платформа компоненттері тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Экология министрлігі платформаны уақтылы енгізу бойынша жұмысты күшейтеді», – деп атап өтті С.Брекешев.
Анықтамалық:
– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйені енгізу 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Конкурс 2019 жылы өткізілді, «Транстелеком» АҚ жеңімпаз болып танылды.
– Қаржыландыруды бекіту, жеткізушіні айқындау бойынша ұзақ рәсімдердің арқасында жобаны іске асыру мерзімі 2021 жылдың шілдесіне ауыстырылды. 2021 жыл ішінде ақпараттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін тестілеу бірнеше рет өткізілді, бұл оның дайын еместігін көрсетті. «KPMG» тәуелсіз жобалық кеңсесінің бағалауы бойынша жоба тек 60%-ға ғана іске асырылды.
– 2,5 млрд.теңге мөлшеріндегі бюджет қаражаты Қазынашылық комитетінің шоттарында. Жеткізуші өз міндеттемелерін орындамауына байланысты қызметтерге ақы төлеу жүргізілген жоқ.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Сегодня в Правительстве Министр экологии С.Брекешев рассказал о ходе работы по реализации поручений Главы государства, данных на расширенном заседании Правительства, в части запуска Национального банка данных минеральных ресурсов.
Как отметил глава Минэкологии, на заседании Нацкомиссии по модернизации экономики в марте этого года было поддержано предложение о дальнейшей реализации информсистемы в рамках единой платформы недропользования «Kaznedra».
Платформа является межведомственной, в ней участвуют госорганы, работающие с недропользователями. В настоящее время в данном направлении ведется работа совместно с Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.
«До конца этого года будут в тестовом режиме функционировать такие компоненты платформы, как структура база данных, интерактивная карта, бизнес-процесс заявки на лицензию для разведки твердо-полезных ископаемых. Минэкологии усилит работу по своевременному внедрению платформы», – подчеркнул С.Брекешев.
Справочно:
– В соответствии с Госпрограммой «Цифровой Казахстан» внедрение системы было запланировано к декабрю 2019 года. Конкурс был проведен в 2019 году, победителем признан АО «Транстелеком».
– Из-за длительных процедур по утверждению финансирования, определению поставщика, срок реализации проекта был перенесен на июль 2021 года. В течение 2021 года неоднократно проводились тестирования работоспособности информсистемы, которые показали ее неготовность. По оценке независимого проектного офиса «KPMG» проект реализован лишь на 60%.
– Бюджетные средства в размере 2,5 млрд. тенге находятся на счетах Комитета казначейства. В связи с невыполнением обязательств поставщиком оплата услуг не проводилась.
