Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін, 3 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдары Маңғыстау облысында өндіріс орындарынан шығатын көміртегі мөлшерін азайту жолдарын талқылады.
Конференцияны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш, өнеркәсіп секторының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар энергия тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға жүктемені азайту үшін озық технологиялық шешімдермен, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыру аясында көміртегі мөлшерін азайту бойынша қазіргі мүмкіндіктермен танысты.
Сондай-ақ «NCOC», «Теңізшевройл», «ERG», Павлодар мұнай-химия зауыты сияқты ірі кәсіпорындар экологиялық көрсеткіштерді жақсарту тәжірибесімен бөлісті.
Шарада сөз алған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қоршаған ортаны қорғауда ең озық қолжетімді технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталды.
– Өткен жылы уақыт талаптары мен халықаралық тәжірибені ескере отырып Экологиялық кодекс жаңартылды. Негізгі бағыттардың бірі – ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасын нормалауға бағдар беру, үздік халықаралық тәжірибелер негізінде экологиялық талаптарды қатаңдату. Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастық ең озық қолжетімді технологияларды қолдануды негізге ала отырып, қоршаған ортаның ластануын болғызбау қағидатын ұстанады, – деді С. Брекешев.
Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев талқыланған мәселелердің өңір үшін маңызды екенін атап өтті.
– Бүгінгі кездесу жаһандық мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп отыр. Экология бір қалыпта тұрмайтыны белгілі. Табиғатты өз мүмкіндіктерімізге пайдаланғанымызбен, оның тазалығын сақтау да біз үшін – үлкен жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорғау – әрбіріміздің басты міндетіміз. Сондықтан осы конференциядан кішкене де болса ой түйіп, тәжірибе алмассақ, осы отырған жауапты тұлғалардың еңбегінің еш кетпегені. Бүгінгі айтылған озық тәжірибелер – өңіріміздің экологиясын сақтауға мол мүмкіндік бермек, – деді Нұрлан Ноғаев.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Сегодня, 3 июня, в преддверии Всемирного дня охраны окружающей среды крупнейшие предприятия и международные организации, работающие в Казахстане, обсудили пути снижения выбросов углерода с производственных мощностей в Мангистауской области.
Конференция организована Министерством экологии, геологии и природных ресурсов при поддержке Программы развития ООН.
В мероприятии приняли участие Министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Сериккали Брекешев, аким Мангистауской области Нурлан Ногаев, постоянный представитель ПРООН в Казахстане Якуп Бериш, представители промышленного сектора, международные и казахстанские эксперты.
Участники ознакомились с передовыми технологическими решениями для повышения энергоэффективности и снижения нагрузки на окружающую среду, а также имеющимися возможностями по снижению содержания углерода в рамках реализации «зеленых» проектов.
Также опытом улучшения экологических показателей поделились такие крупные предприятия, как «NCOC», «Тенгизшевройл», «ERG», “KPO B.V.” и др.
Выступая на мероприятии, Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Сериккали Брекешев отметил важность применения наилучших доступных технологий в охране окружающей среды.
– В прошлом году с учетом требований времени и международного опыта Экологический кодекс был обновлен. Основными направлениями являются внедрение наилучших доступных технологий, ориентир на нормирование качества окружающей среды, ужесточение экологических требований на основе лучших международных практик. Сегодня мировое сообщество следует принципу предотвращения загрязнения окружающей среды, основываясь на применении наилучших доступных технологий, – сказал С. Брекешев.
В свою очередь, глава региона Нурлан Ногаев отметил важность обсуждаемых вопросов для региона.
– Сегодняшняя встреча дает возможность обсудить глобальные проблемы. Охрана окружающей среды – главная задача каждого из нас. Я уверен, что передовой опыт, продемонстриованный сегодня экспертами и организациями, найдет свое применение в нашей области и поможет улучшить экологическую обстановку в регионе, – сказал Нурлан Ногаев.
