Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Осы жылдың шілде айынан бастап БҚО-да «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылатын болады. Бұл туралы экология вице-министрі Әлия Шалабекова аталған өңірге жұмыс сапарымен барғанда жергілікті шаруалармен кездесу кезінде айтты.
Экология министрлігінің өкілдері БҚО-ға іссапармен барды. Онда Жәнібек ауданының жергілікті шаруаларымен кездесті. Жиында соңғы жылдары көбейген киік мәселесі көтерілді. Өйткені Орал популяциясындағы киіктердің саны 800 мыңнан асқан. Тұрғындар төрт түліктің жайылымында көгал қалмайтынын айтады.
“Киіктердің көптігінен біз шаруалар жапа шегіп жатырмыз. Жайылымға миллионға жуық киік келсе, ол жерде ешқандай шөп қалмайды. Бұлардың саны айтарлықтай көп. Қалай да азайту керек“,- деді БҚО Жәнібек ауданы Күйген көл ауылының тұрғыны Боранбай Айтқалиев.
Экология министрінің орынбасары Әлия Шалабекова киіктерді аулау үшін биологиялық негіздеме керектігін айтады. Дегенмен, осы мәселеге қатысты министрлік тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, жиында вице-министр шілде айынан бастап осы өңірде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылатынын айтады. Осы арқылы Орал популяциясындағы киіктің 250 мыңға дейін басын аталған аумақта ұстап тұру көзделмек.
“Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы қаулы шықты. Қаумалдың ауданы 314504,1 гектарды, резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында орналасатын болады. Мұнда киіктің 250 мың басына дейін сақталады“,- деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында Бетпақдала, Орал және Үстірт сияқты киіктердің әлемдік популяциясының 95% – дан астамы мекендейді. Еске салсақ, 2016 жылы елімізде жалпы киіктің саны 100 мыңнан бастан сәл асқан. Табиғат сақшыларының жүйелі жұмысының нәтижесінде қазір олардың саны бір миллион бес жүз мыңға жуықтаған.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
В рамках реализации Национального проекта «Жасыл Қазақстан» с целью развития особо охраняемых природных территорий в Западно-Казахстанской области в июле текущего года ожидается открытие РГП «Государственный природный резерват «Бокейорда» и Государственного природного заказника «Ащыозек». Об этом сообщила в ходе рабочей поездки в регион вице-министр экологии Алия Шалабекова.
Представители Минэкологии встретились с фермерами Жанибекского района, по вопросам обитания сайгаков, численность которых значительно увеличилась за последние годы. Так численность сайги уральской популяции превысила 800 тысяч особей.
«Из-за большого количества сайгаков страдаем мы. Когда на пастбище приходит около миллиона сайгаков, то там не остается травы для скота. Надо решить эту проблему, урегулировать численность сайгаков», – сказал Боранбай Айткалиев, житель села Куйген көл Жанибекского района ЗКО.
А. Шалабекова отметила, что Министерством уже ведется соответствующая работа по решению данного вопроса, но также необходимо биологическое обоснование.
Также она отметила, что в июле месяце текущего года в регионе будут созданы особо охраняемые природные территории. Таким образом, на данной территории планируется сконцентрировать до 250 тыс. особей сайгаков уральской популяции.
«На сегодняшний день подписано постановление о создании особо охраняемых природных территорий республиканского значения. Площадь заказника составляет 314504,1 га, резервата – 343040,1 га. Они будут расположены на территории Бокейординского, Жанибекского, Казталовского, Жангалинского районов Западно-Казахстанской области»,- сказала вице-министр в ходе встречи в местным населением.
Отметим, что на территории Казахстана обитает более 95% мировой популяции сайгаков, таких как бетпакдалинская, устюртская и уральская. Напомним, что в 2015 году, в связи с массовой гибелью сайги, общее количество в стране уменьшилось и составило чуть более 100 тысяч голов.
В результате системной работы стражей природы, принятых мер по сохранению популяций сайги и противодействию браконьерству, их численность сейчас составляет около одного миллиона пятисот тысяч голов.
