[:kz]«Бекіре-2022» балық қорғау акциясы барысында инспекторлар 20 тоннадан астам су маржанын заңсыз айналымнан алды[:ru]С начала рыбоохранной акции «Бекіре – 2022» из незаконного оборота изъято более 20 тонн рыбы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Акция барсында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 1138 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 833 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 54 іс сот органдарына жолданды. Браконьерлік, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша 53 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 16,9 млн. теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 20 тонна балық алынды, оның ішінде 1764 кг бекіре тұқымдас балық түрлері алынып тасталды. Сондай-ақ, 555 бірлік балық аулау құралдары мен 119 бірлік су көлігі анықталды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 20 км-ге жуық 1989 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 30 наурызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында “Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында “Бекіре-2022″ кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы ” бірлескен бұйрыққа қол қойылды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

С начала акции «Бекіре-2022» инспекторами Жайык-Каспийской межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства совместно с сотрудниками правоохранительных, природоохранных органов и Пограничной службы КНБ РК выявлено и пресечено 1138 нарушения природоохранного законодательства, в результате которых к административной ответственности привлечено 833 лиц.

54 материалов направлено в судебные органы, возбуждено 53 уголовных дел по фактам браконьерства, приобретение или сбыт имущества, заведомо добытого преступным путем и незаконное обращение с редкими и находящимися под угрозой исчезновения животными. На нарушителей наложено штрафов на сумму 16,9 млн. тенге.

Из незаконного оборота изъято 20 тонн рыбы, из них 1764 кг осетровых видов, 555 единиц орудий лова, 119 единиц водного транспорта. В результате ежедневного траления русла реки и морской акватории из водоемов извлечено 1989 единиц незаконных орудий лова рыбы общей длиной более 20 км.

Напомним, 30 марта 2022 года между министерствами экологии, геологии и природных ресурсов, внутренних дел и Комитетом национальной безопасности РК в целях сохранения осетровых и других видов рыб, а также обеспечения благоприятных условий для их нереста подписан Совместный приказ «О проведении широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре-2022» на водоемах Урало-Каспийского бассейна. Акция продлится до 31 мая 2022 года.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх