[:kz]Нұр-Сұлтанда Қазақстан дамуының «жасыл» мақсаттары мен міндеттері бойынша ұлттық консультациялардың нәтижелері ұсынылды[:ru]Результаты национальных консультаций по «зеленым» целям и задачам развития Казахстана представили в Нур-Султане

“Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақстан” ресми сайтында. https://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/kk/home/presscenter/announcements.html

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 18 мамыр – Бүгін БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұлттық серіктестермен бірлесіп, 2022 жылғы наурыз бен мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстан өңірлерінде өткен Тұрақты даму саласындағы неғұрлым басым экологиялық мақсаттарды (ТДМ) талқылау бойынша сарапшылардың ұлттық консультацияларының қорытынды сессиясын өткізді. Талқылау қорытындысы Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында Швецияның Стокгольм қаласында 2022 жылғы 2-3 маусым аралығында өтетін «Стокгольм+50: жалпыға ортақ өркендеу үшін сау ғаламшар — біздің жауапкершілігіміз, мүмкіндігіміз» атты халықаралық кездесуде ұсынылатын болады.

Ұлттық консультациялар Қазақстанның барлық өңірлік орталықтарында онлайн және оффлайн форматтарда өтті. Оған жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бастамалары және ЖОО өкілдерінен 2000-нан астам адам қатысты. Ұлттық консультациялардың мақсаты – Қазақстан үшін неғұрлым басым ТДМ айқындау және оларға қол жеткізудің тиімді жолдарын белгілеу.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

«Ұлттық консультациялар аясында жергілікті қоғамдастықтармен талқылау Қазақстанда бірінші кезекте шешілуі қажет негізгі бағыттар мен проблемаларды анықтауға көмектесті. Климаттың өзгеруі, табиғатты сақтау, қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес және COVID-19-дан кейін қалпына келтіру мәселелері әсіресе ел үшін өзекті. Осы консультациялар және «Стокгольм+50» кездесуі тұрақты шешімдер әзірлеуге және ТДМ-на қол жеткізуге септігін тигізеді деп үміттенеміз», — деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Консультациялардың қорытынды сессиясы мынадай үш бағытта өтті: сау ғаламшарға қол жеткізу және жалпыға ортақ өркендеу; COVID-19 пандемиясынан кейін орнықты және инклюзивті қалпына келтіруге қол жеткізу; іс-қимылдар онжылдығы мәнмәтінінде орнықты дамудың экологиялық аспектісін іске асыруды жеделдету. Нәтижелерге сәйкес, Қазақстанда ТДМ күн тәртібі шеңберіндегі ең өзекті тақырыптар дәстүрлі энергия тасығыштарға тарифті нарықтық реттеу және жаңартылатын энергетиканы дамыту, «жасыл» жұмыс орындарын құру, таза су мен санитарияға қол жеткізу, қоқысты қайта өңдеу, орнықты ауыл шаруашылығы мәселелері, экологиялық ағартудың және «жасыл» қаржыландыруға қол жеткізудің маңыздылығы мәселелері болып айқындалды.

Қатысушылар, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және орнықты дамуға қол жеткізудегі прогресті жеделдетуге ықпал ететін ұлттық деңгейдегі басқа да саясаттар мен шараларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды атап өтті.

Швецияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Матс Фойер мырзаның айтуынша, «Стокгольм +50 конференциясы салауатты планетаға жету жолында пандемиядан кейін қалпына келтіру және одан әрі даму үшін қажетті шараларды қабылдау үшін өткізілуде. Ол тұрақты жаһандық экономикаға көшу үшін саясатты әзірлеу және серіктестік құру форумын қамтамасыз етеді».

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Стокгольм+50 халықаралық кездесуі БҰҰ Бас Ассамблеясының 2021 жылғы мамырдағы қарарына сәйкес Іс-қимылдар онжылдығы ішінде (2020-2030 жж.) Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды жеделдету мақсатында, оның ішінде COVID-19 пандемиясынан кейін орнықты қалпына келтіру жолымен өткізіледі.

[:ru]

На официальном Интернет-ресурсе “Программа Развития Организации Объединенных Наций, Казахстан”.  https://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/announcements/

Нур-Султан, 18 мая 2022 г. – Сегодня Программа развития ООН (ПРООН) совместно с национальными партнерами провела заключительную сессию национальных консультаций по обсуждению наиболее приоритетных экологических Целей в области устойчивого развития (ЦУР). Итоги обсуждений будут представлены на международной встрече «Стокгольм+50: здоровая планета для всеобщего процветания — наша ответственность, наша возможность», которая состоится 2–3 июня 2022 года в Стокгольме, Швеция, накануне Всемирного дня окружающей среды.

Национальные консультации прошли в онлайн и оффлайн форматах во всех региональных центрах Казахстана. В них приняли участие более 2000 человек из числа представителей местных исполнительных органов, неправительственных организаций, молодежных инициатив и вузов. Цель национальных консультаций – определить наиболее приоритетные ЦУР для Казахстана и наметить эффективные пути их достижения.

Фото: ПРООН в Казахстане

 

«Обсуждения с местными сообществами в рамках национальных консультаций помогли определить основные направления и проблемы, которые необходимо решить в Казахстане в первую очередь. Вопросы изменения климата, сохранения природы, борьбы с загрязнением окружающей среды и восстановления после COVID-19 особенно актуальны для страны. Надеемся, что эти консультации и встреча «Стокгольм+50» внесут вклад в усилия Казахстана по разработке устойчивых решений для достижения ЦУР», — отметил Постоянный представитель ПРООН в Казахстане Якуп Бериш.

Заключительная сессия консультаций проходила по трем направлениям: достижение здоровой планеты и всеобщего процветания; достижение устойчивого и инклюзивного восстановления после пандемии COVID-19; ускорение реализации экологического аспекта устойчивого развития в контексте Десятилетия действий. Согласно результатам, в Казахстане наиболее актуальными темами в рамках повестки ЦУР были определены вопросы рыночного регулирования тарифа на традиционные энергоносители и развитие возобновляемой энергетики, создание «зеленых» рабочих мест, вопросы доступа к чистой воде и санитарии, переработки мусора, устойчивого сельского хозяйства, важности экологического просвещения и доступа к «зеленому» финансированию.

Участники также предложили рекомендации по усовершенствованию Определяемого на национальном уровне вклада Казахстана (ОНУВ), Национального проекта «Зеленый Казахстан» и других политик и мер на национальном уровне, способствующих ускорению прогресса в достижении устойчивого развития.

По словам Чрезвычайного и Полномочного Посла Швеции в Республики Казахстан г-на Матса Фойера, «конференция Стокгольм +50 проводится с целью принятия мер, необходимых для восстановления и дальнейшего развития после пандемии на пути к здоровой планете. Она станет площадкой для разработки политики и построения партнерств для перехода к устойчивой глобальной экономике».

Фото: ПРООН в Казахстане

 

Международная встреча Стокгольм+50 проводится в соответствии с резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН от мая 2021 года с целью ускорения реализации Целей устойчивого развития в течение Десятилетия действий (2020-2030гг.), в том числе путем устойчивого восстановления после пандемии COVID-19.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх