[:kz]Коронавирус инфекциясының пандемиясы[:ru]Пандемия коронавируса

“Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақстан” ресми сайтында. https://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/kk/home/presscenter/announcements.html

Адамзатқа COVID-19-ны жеңу үшін
көшбасшылық пен ынтымақтастық қажет

COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы біздің заманымыздағы денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыс және екінші дүниежүзілік соғысынан бергі кезеңдегі адамзат тарихындағы ең үлкен проблема болып табылады. Өткен жылдың соңында Азияда пайда болған сәттен бастап, вирус, Антарктиданы қоспағанда, барлық континенттерге таралып үлгерді. Жұқтыру оқиғаларының саны Африка, Америка және Еуропада күн сайын өсуде.

Елдер пациенттерді тестілеу мен тексеруді жүргізіп, қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтап, сапарларды шектеп, азаматтарды оқшаулап және  спорттық жарыстар, концерттер және мектептердегі оқыту секілді адамдар көп шоғырланатын іс-шараларды тоқтата отырып, инфекцияның таралуын баяулату үшін бар күш-жігерін салуда.

Пандемия толқын секілді қозғалуда және жағдайды еңсеруге қабілетсіз күйдегілерге қаһарын жаудыруға дайын тұрғандай.

Алайда COVID-19 вирусы – денсаулық сақтау саласындағы дағдарыстан гөрі әлдеқайда үлкен мәселе. Вирус шарпып өткен барлық елдердің жағдайын бағалап қарасақ, оның терең із қалдырып, әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы аса күрделі дағдарысқа әкелуі ықтимал жайт.

Біз бұрын-соңды кезікпеген жағдайға тап болдық. Біздің қауымдастықтардың көпшілігі не бары бір апта уақыт ішінде танымастай өзгеріске ұшырады. Әлемнің ондаған ірі қалалары үңірейіп бос қалды, себебі адамдар өз таңдауы бойынша, немесе мемлекеттің үкімімен өз-өздерін оқшаулауда. Бүкіл әлем бойынша дүкендер, театрлар, мейрамханалар мен барлар жабылып қалды.

Күн сайын адамдар жұмыс пен табыстан айырылуда, және де қалыпты режимге қайта оралар шақ қашан болатынынан бейхабар. Туризмнен қатты тәуелді шағын аралды мемлекеттердің қонақ үйлері мен жағажайлары бос жатыр. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша, COVID-19 індетінің таралуына байланысты 25 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

 БҰҰДБ қарсы шаралары

Әрбір ел дайындалу, ден қою және қалпына келтіру жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауы тиіс. БҰҰ жүйесі әр кезеңде елдерге қолдау көрсетеді, бұл ретте ең осал мемлекеттерге айрықша көңіл бөлінеді.

Біздің Эбола безгегі, АИТВ, атипті пневмония, туберкулез және малярия сияқты басқа да зұлмат індеттермен күресудегі тәжірибемізге, сондай-ақ жекеше және мемлекеттік секторлармен жұмыс істеуіміздің көпжылдық тарихымызға сүйене отырып, БҰҰДБ кедейшілікті жою, теңсіздікті қысқарту және дағдарыстар мен күйзелістерге төзімділікті арттыру жөніндегі өз миссиясы шеңберінде елдерге COVID-19 пандемиясына шұғыл және тиімді ден қоюға көмектеседі.

 

“Біз БҰҰ құрамына кіретін ұйымдармен және басқа да серіктестермен бірлесе отырып, бірінші кезектегі үш басым бағыт бойынша жұмыс істеудеміз, олар: ДДСҰ жетекшілігімен денсаулық сақтаудың негізгі өнімдерін сатып алуды және жеткізуді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы қарсы шараларды қолдау, дағдарыстық жағдайларды реттеу және ден қою жөніндегі шараларды күшейту, және маңызды экономикалық және әлеуметтік салдарларды шешу”,- Ахим Штайнер, БҰҰДБ әкімшісі.

 

Қазақстанды қолдау шаралары

Қазақстанда БҰҰДБ денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар, үкімет пен жалпы қоғам деңгейінде пандемияға қарсы шаралар қабылдауға ерекше мән береді және Үкіметке ең осал топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. БҰҰ тобының COVID-19 қарсы жауап ретінде БҰҰДБ әлеуметтік-экономикалық жауаптар бойынша жұмыстарды жүргізеді. Соның ішінде БҰҰДБ дағдарысты одан әрі қалпына келтіруді қолдау мақсатында ең осал топтар үшін COVID-19 әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалайды. БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі сонымен бірге дағдарыстан ең көп зардап шеккен жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін құруға, қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында мемлекеттік қызметтер көрсету мүмкіндігін күшейтуге және экологиялық инновациялар мен климаттық шешімдер арқылы «жасылдандыру арқылы қалпына келтіру» тәсілдерін енгізуге бағытталған.

[:ru]

На официальном Интернет-ресурсе “Программа Развития Организации Объединенных Наций, Казахстан”.  https://www.kz.undp.org/content/kazakhstan/ru/home/presscenter/announcements/

Человечество нуждается в лидерстве
и солидарности, чтобы победить COVID-19

Пандемия коронавирусной инфекции COVID-19 определенно является глобальным кризисом в области здравоохранения нашего времени и самой большой проблемой, с которой мы столкнулись со времен Второй мировой войны. С момента своего появления в Азии в конце прошлого года, вирус распространился на все континенты, кроме Антарктиды. Cлучаи заражения ежедневно увеличиваются в Африке, Америке и Европе.

Страны прилагают все возможные усилия для того, чтобы замедлить распространение инфекции, проводя тестирование и обследование пациентов, отслеживая контакты, ограничивая поездки, изолируя граждан и отменяя мероприятия с большим скоплением людей, такие как спортивные соревнования, концерты и обучение в школах.

Пандемия движется как волна, которая может обрушиться на тех, кто менее всего способен справиться с ситуацией.

Но вирус COVID-19 – это гораздо больше, чем кризис в области здравоохранения. Во всех странах, которые затронул вирус, имеется вероятность, что он может привести к тяжелейшему кризису в социальной, экономической и политической сфере, оставив глубокие шрамы.

Мы столкнулись с совершенно новым явлением. Многие из наших сообществ изменились до неузнаваемости, спустя лишь одну неделю. Десятки величайших городов мира опустошены, поскольку люди остаются в самоизоляции, либо по собственному выбору, либо по решению государства. Магазины, театры, рестораны и бары закрываются повсеместно.

Каждый день люди теряют работу и доход, не имея возможности знать, когда все вернется к обычному режиму. Отели и пляжи маленьких островных государств, сильно зависящих от туризма, опустошены и безлюдны. По оценкам Международной организации труда, потеря рабочих мест из-за распространения COVID-19 может коснуться 25 миллионов человек.

 

Ответные меры ПРООН

Каждая страна должна предпринимать незамедлительные меры по подготовке, реагированию и восстановлению. Система ООН окажет поддержку странам на каждом этапе, уделяя особое внимание наиболее уязвимым.

Опираясь на наш опыт борьбы с другими вспышками, такими как Эбола, ВИЧ, атипичная пневмония, туберкулез и малярия, а также на нашей многолетней истории работы с  частными и государственным секторами, ПРООН приложит усилия в помощь странам быстро и эффективно отреагировать на COVID-19 в рамках своей миссии: в искоренении нищеты, сокращении неравенства и повышении устойчивости к кризисным ситуациям.

 

«Мы усердно работаем вместе с ООН и другими партнерами над тремя приоритетами: поддержка ответных мер в области здравоохранения, включая закупку и поставку основных медицинских товаров под руководством ВОЗ, усиление кризисного управления и реагирования, а так же решение важнейших социальных проблем и экономических последствий.» – сказал Администратор ПРООН, Ахим Штайнер.

 

Меры поддержки в Казахстане

В Казахстане ПРООН придает особое значение принятию контрмер на уровне правительства и общества в целом в дополнение к предпринимаемым мерам по поддержке системы здравоохранения и оказывает содействие Правительству в удовлетворении потребностей наиболее уязвимых. В рамках совместной инициативы ООН по COVID-19,  ПРООН ведет работу по социально-экономическим мерам, в том числе посредством оценки социальных и экономических последствий COVID-19 для наиболее уязвимых групп населения с целью поддержки дальнейших мер по восстановлению после кризиса. Деятельность ПРООН в Казахстане также направлена на создание возможностей трудоустройства для молодежи из групп риска, наиболее пострадавшей от кризиса, обеспечение непрерывности бизнес-процессов всех звеньев государственного аппарата, требующего удаленной работы большого числа государственных служащих и посредством продвижения «зеленых» решений в рамках стратегии по восстановлению после кризиса.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх