[:kz]Экология министрі: Балық шаруашылығы мәселелерін шешуге балық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану принципіне сүйене отырып, сақтықпен қарау керек[:ru]Министр экологии: к решению проблем рыбного хозяйства следует подходить с осторожностью, исходя из принципа сохранения и рационального использования рыбных ресурсов

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Министрлікте балықшылар жиналысы өтті. Жиында республиканың өңірлерінен келген балықшылар саладағы бірқатар мәселелерді көтерді. Мәселен, Каспий балықшылары балық аулау ауының жіп диаметрі 0,3 мм-ден басталатын моножіптер және моноталшықтан жасалған ауларды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды жеткізді. Бұл мәселеге қатысты министр осы жылдың мамыр айының соңына дейін шешім қабылдануы мүмкіндігін жеткізді.

«Салалық ғылыми ұйым сәуір-мамыр айларында зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша мамыр айының соңында шешім қабылдаймыз. Егер тікелей теріс әсері болмаған жағдайда, аталған ауларды ірі су айдындарында 2 жылға дейін пилоттық режимде пайдалануға 3-4 ай ішінде заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу арқылы рұқсат беруге болады»-, деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Сонымен қатар, жиында Балқаш көлінде көксерке аулау лимитін арттыру мәселесі көтерілді. Бұған қатысты министр көксерке аулау лимитінің ұлғаюын 2023 жылғы маусымда балық аулау лимитін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізуді ескере отырып, қарастыруға болатынын айтты.
Бұдан бөлек, кеңесте кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру үшін су айдынына қол жеткізу және жағалау аймағында тұратын жеке тұлғалардың балық аулауға рұқсат алуы көтерілді. Министрдің сөзінше, аталған мәселені министрлік жағалаудағы тұрғындарға жеке рұқсат алу арқылы балық аулауға мүмкіндік беретін мәселені қарастыруда. Сондай-ақ, бекітілген учаскелерде ғана емес, резервтік қорда да балық аулауды жүзеге асыру мәселесі күн тәртібінде болды.

«Бірақ бұл мәселелер осы салада қызмет ететін ірі бизнестің пікірін ескере отырып, кең талқылауды қажет етеді. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Заңдарды қабылдаудың белгіленген тәртібі шамамен 1 жылды талап ететінін бірден атап өткім келеді. Бұдан әрі рұқсат беру ережелері, квоталарды бөлу ережелері, балық аулау ережелері сияқты бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізу керек. Алайда, біз сіздердің көтеріп отырған мәселелеріңізді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»-, деді Серікқали Брекешев.

Жалпы 5 сағатқа созылған жиналыста балық шаруашылығына қатысты көптеген мәселелер көтерілді. Жиналыс қорытындысы бойынша министр жауапты ведомствоға бірқатар нақты тапсырмалар берді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

В министерстве прошло совещание специалистов рыбной отрасли. В совещании приняли участие рыбаки с различных регионов республики, которые подняли ряд вопросов отрасли. К примеру, рыболовами Каспия был поднят вопрос использования сетей для лова из мононитей и моноволокна с диаметром нити от 0,3 мм и выше. По данному вопросу министр ответил, что решение будет принято до конца мая текущего года.

«Отраслевая научная организация проведет соответствующие исследования в апреле-мае этого года, по результатам которых мы примем решение в конце мая. В случае отсутствия прямого отрицательного воздействия на рыбные ресурсы, можно разрешить использование данных сетей в пилотном режиме на крупных водоемах на срок до 2 лет путем внесения в течение 3-4 месяцев соответствующих изменений в законодательство», – сказал министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Сериккали Брекешев.

Кроме того, на совещании был затронут вопрос об увеличении лимита вылова судака на озере Балхаш. Министр отметил, что увеличение лимита вылова судака возможно рассмотреть после внесения изменений в Методику определения лимита вылова рыбы. Окончательно данный вопрос возможно решить к июню 2023 года.

На совещании также поднимался вопрос доступа к водоему для осуществления промыслового рыболовства и получения разрешения на рыболовство физическими лицами, проживающими в прибрежной зоне.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх