Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң биыл 2 наурызда күшіне енеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда бұрын-соңды заңнамамен қамтылмаған құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.
Жаңа заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық беріледі. Мәселен бұл заң жануарларға ауырсынуды сезінетін қабілетті тіршілік иелері ретінде қарауға, жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иелерінің жеке жауапкершілігін арттырып, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың моральдық және адамгершілік көзқарасын тәрбиелеуге негіз болады.
«Атап айтқанда, заңмен жекелеген санаттағы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй, қараусыз және қаңғыбас жануарларды асырау және ұстау кезіндегі талаптар белгіленген. Сондай-ақ барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізіледі», – деді вице-минстр өз баяндамасында.
Қазіргі таңда заң ережелерін іске асыру үшін экология министрлігі қоғам талқысынан және құзыретті мемлекеттік органдармен келісу рәсімдерінен өтетін нормативтік-құқықтық акт жобаларын әзірледі. Аталған нормативтік-құқықтық актілердің мәтінімен министрлік сайтының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға және өз ұсыныстары мен ескертулерін беруге болады.
Үй жануарларын асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобалары бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Олар: үй жануарларын ұстау мен серуендетудің типтік ережелері; үй жануарларын есепке алу ережелері; жануарларды тасымалдау ережелері; есепке алынатын үй жануарларының тізбесі; тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі; жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізімі. Сондай-ақ, иттердің өз бетімен жүруіне заңмен тыйым салынады.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Есепке алудың егжей-тегжейлі тәртібі тиісті ережелерде айқындалатын болады. Есепке алу иелердің есебінен жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға бұл рәсімді мемлекет төлейді.
Қаңғыбас жануарлар үшін НҚА жобалары әзірленді, онда: аулаудың, уақытша ұстаудың, жансыздандырудың, вакцинациялаудың, стерилизациялаудың үлгілік қағидалары және жануарларды есепке алу қағидалары көзделген.
Қаңғыбас жануарларды қайтарымсыз аулау практикасы тоқтатылатын болады. Олардың санын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен стерильдеу жолымен ғана реттеу жоспарлануда. Сонымен қатар, иесі бар жануарларды зарарсыздандыруға тыйым салынады.
Тағы бір айта кететіні жануарларды баспаналарда, зоологиялық қонақ үйлерде, уақытша ұстау пункттерінде, оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, зоопарктерде және жылжымалы менагерьлерде ұстау ережелері бойынша әртүрлі санаттағы жануарларға бағытталған НҚА блогы да бар.
Сөз соңында ведомство басшысының орынбасары бұл маңызды әрі үлкен жұмыс екенін баса айтты. Оның пікірінше заң мен әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілер жануарларға жауыздық танытқан жағымсыз көріністерге тосқауыл болмақ.
«Халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама туралы хабардар ету, білім беру жүйесінде биоэтика курстарын оқыту, көрмелер, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу жұмыстарына басым бағыттардың біріне айналып, барлық азаматтардың күнделікті өміріне енуі тиіс. Заң және әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілер пакеті жануарларға қатысты иттерді төбелестіру, ветеринарлық операцияларды наркозсыз жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды тоздырып, дер кезінде көмек көрсетпеу, мейрімсіздікпен аулау сияқты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды», – деді вице-министр Әлия Шалабекова.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru
Об этом рассказала в ходе брифинга на площадке Службы центральных коммуникаций вице-министр Экологии, геологии и природных ресурсов Алия Шалабекова.
Основными целями данного закона являются правовое регулирование обращения с животными, гуманное отношение к ним, критерием которого является благополучие животных и человека в рамках общепринятых этических ценностей.
Иначе говоря, идеология нравственного воспитания граждан по новому закону, заключается в отношении к животным, как к существам, способным испытывать боль и страдание. Поэтому предусмотрена персональная ответственность владельцев за жизнь, здоровье и благополучие своих питомцев, защита их от жестокого обращения, а также воспитание у населения нравственного и гуманного отношения к ним.
«Так, законом в частности установлены требования при обращении и содержании животных отдельных категорий в культурно-зрелищных целях, экспериментальных (лабораторных), служебных, домашних, безнадзорных и бродячих животных. Кроме того, вводится запрет пропаганды жестокого обращения с животными во всех средствах массовой информации и запрещение любых форм такой пропаганды», – сказала в своем докладе вице-министр.
В настоящее время Министерством экологии для реализации положений закона разрабатываются подзаконные акты, которые проходят процедуру общественных слушаний и согласования с компетентными госорганами. С текстом всех перечисленных проектов нормативных правовых актов можно ознакомиться и дать свои предложения и замечания на сайте Министерства в разделе «Открытые НПА».
Таким образом, можно выделить НПА направленные на регулирование обращения с домашними питомцами, это: типовые правила содержания и выгула домашних животных, правила учета домашних животных, их перевозки, перечень подлежащих учету, запрещенных к содержанию в жилищах и требующих особой ответственности владельца животного.
Еще одна немаловажная деталь, законом вводится запрет на самовыгул собак.
Также с 1 сентября 2023 года владельцы животных должны будут поставить на учет своих питомцев, который будет осуществляться за счет владельцев. Для социально-уязвимых слоев населения, эта процедура будет оплачена государством. Детали будут определены в соответствующих правилах.
Для бродячих животных разработаны проекты НПА в которых предусмотрены: типовые правила отлова, временного содержания, умерщвления, вакцинации, стерилизации, деятельности приютов и правила учета в них животных.
Будет прекращена практика безвозвратного отлова бродячих животных, регулировать их численность планируется осуществлять исключительно путем их стерилизации, за счет средств госбюджета. Вместе с тем животных, имеющих владельческие признаки стерилизовать запрещается.
Есть также целый блок НПА, направленных на регулирование обращения с разными категориями животных, содержащихся в приютах, зоологических гостиницах, реабилитационных центрах, питомниках, контактных зоопарках, передвижных зверинцах, используемых в культурно-зрелищных целях и др.
Разработаны также правила для проведения общественного контроля и выдачи удостоверений общественных инспекторов.
В завершении своего выступления А. Шалабекова сказала: «Это большая и значимая работа. Информирование населения о законодательстве в области ответственного обращения с животными, преподавание курсов биоэтики в системе образования, проведение выставок, семинаров и других мероприятий, должно стать одним из приоритетов и войти в обиход всех граждан. Закон будет надежным заслоном, таким негативным проявлениям в отношении животных, как проведение собачьих боев, ветеринарных операций без анестезии, безнаказанное убийство животных, доведение животных до истощения и неоказание им своевременной помощи, негуманный отлов».
