[:kz]Шығыс Қазақстанда қайта жаңғыртудан өткен “Үйдене бас су тартқышы” іске қосылды[:ru]В Восточно-Казахстанской области после реконструкции введен в эксплуатацию “Уйденинский головной водозабор”

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk 

Шығыс Қазақстан облысында «Үйдене бас су тартқышы» пайдалануға берілді. Жаңа нысан 10 мыңнан астам гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Рахымжан Нығметжанов хабарлады.

Осы жылдың қараша айында «Үйдене бас су тартқышы» қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Үйдене өзені Сауыр жотасынан 2600 м биіктіктегі солтүстік сілемдерінен бастау алады. Аталған өзен қар мен мұздықтардың суымен толығады. Енсіз жартасты каньонның арасында орналасқан бөгет қақпасының төменгі жағының ені 50-60 метр, ал төбесінің ені 110 метрге дейін жетеді. Бөгеттің жалпы ұзындығы 60,7 метр, құрылыстың максималды биіктігі 2,6 метрді құрайды.

«Үйдене гидроторабының конструкциясы суқашыртқы бетон-бөгеттен, оң және сол жағалау реттегіштерден және суұрма қабырғадан тұрады. Гидротораптың ірге тасы «Ленгипроводхоздың» жобасы бойынша 1964 жылы қаланған. Қайта жаңғырту кезінде гидротораптың бас құрылысы, Р3 магистральды каналы және сол жағалау магистральды каналы толығымен жөнделді. Олар арқылы Зайсан ауданының 10252 га жерін суаруға мүмкіндік бар», – дейді «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Рахымжан Нығметжанов.

Директордың сөзінше, пайдалануға берілген нысан өңірдегі суармалы алқаптарға судың үздіксіз келуін, сәйкесінше, суармалы жерлер көлемінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Іске асқан жоба ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мал азығы мен дән-дақылдардың өнім қорын молынан жинауға сеп. Бұдан бөлек 2022 жылдың вегетация кезеңінде қосымша тоғыз жұмыс орны ашылуы мүмкін. Жалпы, бұл жоба өңірдегі су тапшылығы мәселесін толықтай шешпек.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru 

В Восточно-Казахстанской области сдан в эксплуатацию “Уйденинский головной водозабор”. Объект даст возможность орошать более 10-ти тысяч гектаров земель. Об этом сообщил директор Восточно-Казахстанского филиала РГП “Казводхоз” Рахимжан Нигмеджанов.

В ноябре этого года завершилась реконструкция “Уйденинского головного водозабора”. Река Уйдене берет свое начало в северных отрогах Саурского хребта на высоте около 2600 м. Питание реки обеспечивается в основном за счёт горных родников, а также снега и ледников. Створ плотины расположен в узком скалистом каньоне шириной по дну 50-60 м и по верхней стороне – до 110 м. Общая длина плотины составляет 60,7 м, с максимальной высотой сооружений 2,6 м.

“Конструкция Уйденинского гидроузла состоит из бетонной водосбросной плотины, левобережного и правобережного регуляторов с водобойной стенкой. Гидроузел построен в 1964 году по проекту “Ленгипроводхоз”. Во время реконструкции отремонтированы головное сооружение гидроузла, магистральный канал Р3 и Левобережный магистральный канал. Они орошают 10 252 гектара земель Зайсанского района”, – отметил директор Восточно-Казахстанского филиала РГП “Казводхоз” Рахимжан Нигмеджанов.

По словам директора, введенный в эксплуатацию объект позволит обеспечить бесперебойное поступление воды до поливных площадей региона, соответственно, увеличится площадь орошаемых земель. Реализация проекта позволит сельхозтоваропроизводителям увеличить заготовку корма и реализацию зерна, овощных культур. Кроме того, в вегетационный период 2022 года ожидается создание дополнительных 9 рабочих мест. В целом, данный проект полностью решит вопрос дефицита воды в регионе.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх