[:kz]ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры тағайындалды[:ru]Назначен директор Департамента по связям с общественностью Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК

Олжас Беркінбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директорлығына тағайындалды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Тарих және құқықтану мамандықтары бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ түлегі. Саясаттану бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР ІІМ «Сақшы» газетінде тілші болып бастаған. 2013-2015 жж. Әскери стратегиялық-зерттеулер орталығында президент көмекшісі, жетекші маман, Nur Otan партиясы елордалық филиалының баспасөз хатшысы лауазымдарында болды.

2016 жылы «Қазконтент» АҚ өткізген республикалық конкурс нәтижесінде National Digital History of Kazakhstan жобасының жетекшілігіне тағайындалған. 2018 жылға дейін аталмыш жобаның бас редакторы, кейіннен «Әдебиет порталының» жетекшілігін қоса атқарған.

2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының аға сарапшысы, Қарағанды облысы әкімдігінің Saryarqa Aqparat медиа холдингінің директоры болды. Мемлекеттік қызметтегі жұмысын ҚР Сыртқы істер министрлігінің 3-ші хатшысы лауазымынан бастады.

Журналистика саласы бойынша Мемлекеттік «Дарын» жастар және тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығының, Nur Sunqar – 2021 байқауларының лауреаты. Болгария, Ресей елдерінде тәжірибеден өткен.

Түрлі тақырыптағы ғылыми және публицистикалық еңбектері бірқатар отандық басылымдар мен Оңтүстік Корея, Украина, Ресей елдерінде жарияланған. Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкімет Қаулысына енген «Қиырдағы қазақтар» жобасына жетекшілік етіп, 8 елді қамтыған деректі фильмді түсіруге үлес қосты.

«Хабар 24» және «Хабар» арналарында авторлық бағдарлама жүргізген. Отбасылы.[:ru]Пресс-служба Министерства  сообщает, что Олжас Беркінбаев назначен директором Департамента по связям с общественностью Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК.

1991 года рождения. Образование высшее. Выпускник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, КГУ им. Коркыт Ата по специальностям история и правоведение. Магистр социальных наук в области политологии.

Трудовую деятельность начал в 2012 году в качестве корреспондента газеты «Сақшы» МВД РК. 2013-2015 гг. работал помощником президента, ведущим специалистом в Центре военных стратегических исследований, пресс-секретарем столичного филиала партии Nur Otan.

В 2016 году по итогам республиканского конкурса, проведенного АО «Казконтент», был назначен руководителем проекта National Digital History of Kazakhstan. До 2018 года он был главным редактором проекта, а позже совмещал  руководство «Литературного портала».

В 2019-2021 годах был старшим экспертом Библиотеки Первого Президента РК – Елбасы, директором медиахолдинга Saryarqa Aqparat Карагандинского областного акимата. Работу на государственной службе начал в должности 3-го секретаря Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

Лауреат Государственной молодежной премии «Дарын» и первой национальной премии «Үркер» в области журналистики, конкурсов Nur Sunqar – 2021. Проходил стажировки в Болгарии и России.

Его научные и публицистические работы по различным темам были опубликованы в ряде отечественных изданий, а также в Южной Корее, Украине и России. Руководил проектом «Қиырдағы қазақтар», который включен в Постановление Правительства об утверждении Плана мероприятий по поддержке этнических казахов за рубежом на 2018-2022 годы и участвовал в создании документального фильма, охватывающего 8 стран.

Вел авторскую программу на каналах «Хабар 24» и «Хабар». Женат.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх