Биылғы жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Корея Республикасына (Сеул қ.) мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Корей орман қызметі министрінің орынбасары Нам Тэхен мырзамен және орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) Басқарушы директоры Рикардо Кальдерон мырзамен кездесті. Кездесу барысында орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл егу мәселелері талқыланды. Тараптар Қызылорда облысында 13,3 мың гектар алқапта Арал теңізінің құрғаған табанын фитомелиорациялау бойынша сәтті іске асырылған бірлескен жобаны атап өтті. Сонымен қатар, министр М.Мырзағалиев Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Арал теңізінің құрғаған түбінде 2025 жылға дейін сексеуіл отырғызу арқылы фитомелиорациялық жұмыстар жүргізу міндетін қойғанын атап өтті. Және министр корей тарапын осы жұмысқа қатысуға шақырды. Өз кезегінде корея тарапы бұл жобаларды іске асыру бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымы (AfoCO) арасында орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандумның басты мақсаты Қазақстан Республикасында орман шаруашылығы қызметкерлерін оқыту және кәсіби даярлаудың өңірлік орталығын, сондай-ақ Орталық Азиядағы AFoCO өкілдігін ашуды пысықтау болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жақын арада аталған мәселелерді талқылау бойынша онлайн кездесу өткізуге келісті. Сонымен қатар, корея тарапы қазақстандық тарапты 2021 жылғы қарашада Сеул қаласында, сондай-ақ орман шаруашылығы жөніндегі Конгресте (2022 жылғы 2-6 мамырда Сеул қаласында) өткізу жоспарланып отырған «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[:ru]
17 августа т.г. в рамках государственного визита Президента Республики Казахстан К.К.Токаева в Республику Корея (г. Сеул) состоялась встреча Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан М.Мирзагалиева с Заместителем министра Корейской лесной службы г-ном Нам Тэхен и Управляющим директором Азиатской организации по сотрудничеству в лесном секторе (AFoCO) г-ном Рикардо Кальдероном. В ходе встречи обсуждены вопросы сотрудничества в области лесного хозяйства и создания саксауловых насаждений на осушенном дне Аральского моря. Сторонами отмечен успешно реализованный совместный проект по фитолесомелиорации осушённого дна Аральского моря в Кызылординской области на площади 13,3 тыс гектар. Кроме того, Министр М. Мирзагалиев отметил, что Президентом Казахстана К.К. Токаевым в целях улучшения экологической обстановки поставлена задача по проведению фитолесомелиоративных работ на осушенном дне Аральского моря до 2025 года путем создания саксауловых насаждений. В связи с чем, Министр пригласил корейскую сторону принять участие в данной работе. В свою очередь, корейская сторона выразила готовность в оказании поддержки по реализации данных проектов. По итогам встречи подписан Меморандум по сотрудничеству в лесном секторе между Министерством экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Азиатской организацией по сотрудничеству в лесном секторе (AfoCO). Главной целью данного Меморандума является проработка открытия в Республике Казахстан Регионального центра образования и профессиональной подготовки сотрудников лесного хозяйства, а также Представительства AFoCO в Центральной Азии. По итогам встречи Стороны договорились провести онлайн встречу по обсуждению данных вопросов в ближайшее время. Вместе с тем, корейская сторона пригласила казахстанскую сторону принять участие на Форуме сотрудничества «Центральная Азия – Республика Корея», проведение которого планируется в ноябре 2021 года в г. Сеул, а также в Конгрессе по лесному хозяйству (2-6 мая 2022 года, в г. Сеул).
Источник – Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
