[:kz]«Көлсай көлдері», «Алтын-Емел» және «Шарын» ұлттық парктерін дамыту үшін 14,5 млрд. теңге инвестиция тартылды[:ru]14,5 млрд. тенге инвестиций привлечено для развития нацпарков «Көлсай көлдері», «Алтын-Эмель» и «Чарын»

Дерек көз – gov.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелері туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті инвесторлардан барлығы 6 өтінім берілді. Конкурстық құжаттардың жобалары аталған ұлттық парктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылғанын, әр ұлттық парк бойынша конкурстарға қатысушылармен алдын ала талқылаулар жүргізілгенін атап өткен жөн.

Өткізілген конкурстар нәтижесінде «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша «Таунтон Плюс» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ, «Көлсай көлдері» бойынша «Атырау-Рент» ЖШС, «Алтын–Емел» бойынша «Asemtal» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ өткізілген жеңімпаздар болып танылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінде экологиялық туризмді дамыту Тұжырымдамаларының тұсаукесерлері әзірленіп, өткізілді.

Оларды талқылауға шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы ұлттық парктер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты.

Тұжырымдамада туристік маршруттар мен соқпақтардың дамуына, туристік нысандарды күрделі құрылыссыз орналастыруға басты назар аударылған сондай-ақ, қазіргі заманғы визит-орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары мен керуенге арналған орындарды құру көзделген.

Сонымен бірге қабылданған Тұжырымдамаларға сәйкес экотуризм инфрақұрылымын дамыту тұрғысынан Алматы тобындағы ұлттық парктердің бас жоспарларын түзету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұл ретте, туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктердің учаскелері ұлттық парктерде туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.

Осылайша, Тұжырымдаманы іске асыру үшін үш ұлттық парк бойынша 14,5 млрд.теңге, оның ішінде Шарын ұлттық паркі бойынша 4,5 млрд. теңге, «Көлсай көлдері» бойынша 5 млрд. теңге, «Алтын-Емел» бойынша 5 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

[:ru]Источник – gov.kz

Министерство экологии, геологии и природных ресурсов РК информирует о подведении результатов конкурсов на предоставление участков национальных парков «Алтын-Эмель», «Көлсай көлдері» и «Чарын» в долгосрочное пользование для осуществления туристской и рекреационной деятельности.

Всего для участия в конкурсах подано 6 заявок от потенциальных инвесторов. Отметим, проекты конкурсных документаций были размещены на официальных интернет-ресурсах указанных национальных парков, по каждому нацпарку проведены предварительные обсуждения с участниками конкурсов.

В результате победителями проведенных конкурсов признаны по Чарынскому государственному национальному природному парку – РОО «QazaqGeography» от лица консорциума в составе ТОО «Таунтон Плюс», «Көлсай көлдері» – ТОО «Атырау-Рент», «Алтын-Эмель» – РОО «QazaqGeography» от лица консорциума в составе ТОО «Asemtal».

Напомним, в целях развития экологического туризма на территории государственных национальных природных парков разработаны и проведены презентации Концепций развития экологического туризма в нацпарках «Алтын-Эмель», «Көлсай көлдері» и «Чарын».

В их обсуждении принимали участие члены Общественных советов, созданных при данных национальных парках для обеспечения прозрачности принимаемых решений.

В Концепции основное внимание уделено развитию туристских маршрутов и троп, размещению туристских объектов без осуществления капитального строительства, предусмотрено создание современных визит-центров, глэмпингов, кемпингов, қазақ-ауыл и мест для караванингов.

Вместе с тем, проведены работы по корректировке генеральных планов национальных парков Алматинской группы, в части развития инфраструктуры экотуризма в соответствии с принятыми Концепциями.

При этом, участки национальных парков для осуществления туристской и рекреационной деятельности предоставляются в долгосрочное пользование после проведения конкурсных процедур, в соответствии с Правилами осуществления туристской и рекреационной деятельности в национальных парках.

Таким образом, для реализации Концепции по трем нацпаркам привлечены инвестиции в размере 14,5 млрд. тенге, в том числе по Чарынскому национальному парку – 4,5 млрд. тенге, «Көлсай көлдері» – 5 млрд. тенге, «Алтын-Эмель» – 5 млрд. тенге.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх