Ақпарат көзі – www.facebook.com/EcologyofKazakhstan
Қар барысы “Алтын-Емел” ұлттық паркінде қараша айында тағы да фототұзаққа түсті. Бұл ілбістің аталған ұлттық парктегі екінші видеосы. Қыркүйек айында фототұзаққа бір барыс түскенін ескерсек, енді ұлттық паркте сирек кездесетін жануардың екі дарағы мекендейді деуге негіз бар.
Қызыл кітапқа енген аңның саны жылдам азайып келеді. Қазақстанда 120-130, әлем бойынша 7 мыңдай ғана бас барыс өмір сүреді.
Ғылыми дәйектердің жоқтығына қарамастан, “Алтын-Емел” ұлттық паркінде барыс мекендейтіні құжат жүзінде дәлелденіп қойды. Айта кетейік, бұл жолы фототұзақ басқа тау шатқалына – шатқал шұңқырының, яғни барыс апанының дәл қасына орнатылды. Видеодан барыстың қалай демалып, пырылдағанын, айналаны торуылдап жүргенін көруге болады.
Қыркүйектегі барыс пен осы жолғы барыстың жүрген орындары бір-бірінен алыс екенін ескерсек, бұлар екі бөлек дарақ болуы мүмкін. Болжамды нақтылау үшін ілбістердің терісіндегі дақтар жіті салыстырылады.
Сирек жануарлардың фото, видео түсірілімдері БҰҰ Даму бағдарламасы орнатқан фототұзақтар көмегімен алынуда.
Барыстың табылуына байланысты және басқа да сирек ұшырасатын Тянь-Шань аюы, Түркістан мысығы, Тянь-Шань арқары, тас сусар, манул жануарларын зерттеу үшін “Алтын-Емелде” жаңа ғылыми-зерттеу жұмысы мен ұлттық парктің жануарлар популяциясының жағдайын бақылау ғылыми бағдарламасы басталады.[:ru]Источник – www.facebook.com/EcologyofKazakhstan
Снежный барс в ноябре вновь попал на фотоловушку в национальном парке «Алтын-Эмель». Напомним, это уже второй снимок барса, снятый в данном природном парке. В сентябре этого года хищник уже попадал в объективы фотоловушек в парке и теперь есть основания считать об обитании в нацпарке двух особей этих редчайших животных.
Снежный барс относится к краснокнижным животным, численность которых стремительно сокращается. В Казахстане обитают 120-130 особей барса, а в мире их не более 7 тысяч.
Несмотря на отсутствие официальных научных сведений, документально уже доказано, что снежный барс действительно обитает в национальном парке «Алтын-Эмель».
Отметим, в этот раз фотоловушка была установлена в другом горном ущелье, на площадке прямо возле скальной ниши – логова барса. На видео видно, как барс отдыхает, метит площадку и вновь отправляется в многодневный обход своего участка.
Учитывая, что места регистрации встреч барса в первом и во втором случаях находятся во взаимоотдаленных местах, есть основания считать, что это две разные особи. Для подтверждения этого будет проведено детальное сравнение пятен на шкурах барсов, поскольку у каждого барса они индивидуальны.
Получение видео и снимков стало возможным благодаря фотоловушкам, переданным в национальный парк Программой развития ООН (ПРООН) в Казахстане.
Также, в связи с открытием снежного барса, а также для изучения других редких горных животных – тяньшанского бурого медведя, туркестанской рыси, тянь-шаньского горного барана – архара, каменной куницы, манула, национальным парком «Алтын-Эмель» разрабатывается новая тема научно-исследовательных работ и научная программа по мониторингу состояния популяций горных животных нацпарка.
