[:kz]Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жер сатылмайды – Ерлан Нысанбаев[:ru]Земли Иле-Алатауского нацпарка не продаются – вице-министр экологии

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жер сатылмайды және өзге елдің азаматтары мен шетелдік компанияларға пайдалануға берілмейді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Вице-министр Іле Алатауы ұлттық паркінде инфрақұрылымды дамытуға қазақстандық инвестор жауапты екенін, ондағы жер сатылмайтынын атап өтті.

«Алматы жұртшылығы Іле Алатауы ұлттық паркінде эко-туризмді дамытуға қатысты мəселе көтерген еді. Атап өтсем, 2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік, оның ішінде АҚШ-тың табысты тəжірибесі негізінде ұлттық паркті дамытудың бас жоспары жасалды. Осыған орай, өз мойнына ұлттық парктің инфрақұрылымын қоршаған ортаға зиян келтірмей дамыту міндетін алған жауапты қазақстандық инвестор анықталды. Бірден назар салатын жәйт, Ұлттық парктегі жерлер сатылмайды! Өзге елдің азаматтары мен шетелдік компанияларға пайдалануға берілмейді! Оған Қазақстан Республикасының заңы бойынша тыйым салынған!» – деп жазды ол.

Алайда, Ерлан Нысанбаев қазақстандық инвесторға 35 га жер жалға берілгенін жасырмады: «Ұлттық парктердің қазіргі жағдайын өздеріңіз көріп отырсыздар: кəуапхана, абажадай мейрамханалар, сапасыз қызмет, сүреңсіз көріністер. Жағдайды түбірімен өзгертпей болмайды. Бірінші орында адам мен табиғаттың байланысы тұруы тиіс. Тиісінше, жолдарды, көру алаңдарын, өзен үстіндегі көпірлерді, табиғи үндестікті бұзбайтын шағын нысандарды салу керек. Осының бəрін жолға қоятын қазақстандық инвесторға жалға небәрі 35 га жер учаскесі пайдалануға берілді».

Вице-министр келтірген мәліметке сүйенсек, инвестормен кезең-кезеңмен 10 заманауи визит-орталық, 155 км-ден астам жаяу маршруттар салады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, кәсіпкерліктің дамуын және туризм саласындағы жоғары білікті кадрлардың өсуін қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, Ерлан Нысанбаев инвестор барлық жұмысты қоршаған ортаға зиян келтірмей іске асыратынын, ал тұрғызылатын құрылымдар заманауи экологиялық материалдардан әзірленетінін атап өтті.

Сөз соңында басшы ұлттық парк халыққа әркез қолжетімді болатынын, тіпті Ұлттық парк жанында Қоғамдық кеңес құрылатынын атап өтті.

«Айта кетерлігі, ұлттық парк бұрынғыдай кез келген қазақстандық үшін қолжетімді болып қала береді. Ешқандай қоршаулар болмайды. Осы апта бойы Алматы жұртшылығымен, белсенділермен, журналистермен кездестік. Халықтың барлық талап-тілегі ескеріледі. Нəтижесінде Ұлттық парк жанында Қоғамдық кеңес құратын болып шештік. Инвестордың барлық жұмыстарды сапалы түрде орындауын біз халықпен бірге қадағалайтын боламыз. Табиғатқа ешқандай залал келмейді. Ол қатаң түрде қадағаланады», – деп түйді сөзін ол.[:ru]Источник – www.inform.kz

АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ – Вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана Ерлан Нысанбаев рассказал о развитии Иле-Алатауского национального парка, передает корреспондент МИА «Казинформ».

«Как вам известно, у общественности Алматы были вопросы касательно развития эко-туризма национального Иле-Алатауского парка. Хотели бы проинформировать в этой связи, что в рамках госпрограммы развития туристской отрасли на 2019-2025 годы был разработан мастер-план развития нацпарка на основе успешного международного опыта, а именно США», – сообщил Е. Нысанбаев на странице в Facebook.

Он отметил, что в результате тендерных процедур определен отечественный инвестор, который взял на себя обязательство развивать инфраструктуру нацпарка с условием – не наносить вред окружающей среде.

«Все вы видите нынешнюю ситуацию в нацпарке: так называемые «шашлычные», громоздкие рестораны, отели, некачественный сервис и не всегда опрятный вид. Ситуацию надо в корне менять, на первое место ставить общение человека с природой. Соответственно, развивать тропы, смотровые площадки, мосты через реки, легковозводимые объекты, которые не нарушают природный баланс. Все это будет реализовывать инвестор», – дополнил он.

Инвестором является гражданин Республики Казахстан. Всего 35 га нужно для организации туристической инфраструктуры и развития парка. Участки в залог банкам не будут передаваться. Капитальных строений не будет. Земли огораживаться не будут.

«Всю текущую неделю встречались с активистами, общественностью, журналистами в Алматы. Все пожелания и замечания населения были учтены. В результате решено о создании Общественного совета по контролю за развитием Иле-Алатауского нацпарка. Также хотим подчеркнуть, что земли нацпарка не продаются, это запрещено законом Республики Казахстан. Речи о продаже или передачи иностранцам в аренду земель Иле-Алатауского национального речи быть не может, так как это противоречит Законам РК. Инвестор даже не получает на руки никаких актов на землю. Национальный парк в ближайшее время планирует провести ряд общественных обсуждений по вопросам развития туристической инфраструктуры. Готовы предоставить все документы общественности для проведения юридических и экологических экспертиз. Уверены, вместе с вами, населением города Алматы и области, мы, наоборот, обустроим наши горы для культурного познавания и приобщения к природе нашими детьми. При этом природе не будет нанесен какой-либо ущерб, за этим будет жесткий контроль», – заключил он.

Ранее министерство экологии, геологии природных ресурсов представило мастер-план развития экологического туризма в Иле-Алатауском государственном национальном природном парке. Также было сообщено о том, сколько потратят на развитие и кто инвестор.

Аким Алматы Бакытжан Сагинтаев попросил Премьер-Министра вернуть Кок-Жайлау в Нацпарк.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх