[:kz]Биыл Атырау көшелеріне 5 мыңнан астам жас көшет отырғызылады[:ru]Пять тысяч саженцев высадят в Атырау

Дереккөз – www.inform.kz

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Атырау қаласын көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасы бойынша 5 жылға жоспарланған жұмыстар басталды. Нақтырақ айтқанда, аталған жоба шеңберінде, жыл сайын қаланың орталық көшелеріндегі саябақ пен алаңдарда өсіп тұрған 53 мың дана жасыл желекті күтіп ұстау, 12 мың шаршы метрге гүл егу және жыл сайын 5154 жас көшет отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аталған жасыл желек зянкестерден қорғалады.

Бұдан бөлек, карантин режимі аяқталған соң қала әкімдігінің қолдауымен 20 мың дана жас көшет сатып алынып, ауылдық округтерде отырғызу көзделіп отыр. Сондай-ақ, биыл 23 мың шаршы метрге дейін жасыл-көгал төселеді. Бүігнде, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан ашық конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды.[:ru]Источник – www.inform.kz

АТЫРАУ. КАЗИНФОРМ – Этой весной на улицах города Атырау будет высажено свыше пяти тысяч саженцев, передает корреспондент МИА «Казинформ».

«С марта в рамках государственно-частного партнерства начаты работы по программе «Озеленение города Атырау», предусмотренной на пять лет. В рамках этого проекта ежегодно проводятся работы по содержанию 53 тысяч зеленых насаждений, растущих на площадях и скверах центральных улиц города. А также высадке цветов на 12 тыс квадратных метров и ежегодной посадке свыше пяти тыс. молодых саженцев», – сообщили в пресс-службе городского акимата.

Отмечается, зеленые насаждения будут защищены от вредителей. После окончания карнатинного режима при поддержке акимата города планируется закупить 20 тысяч молодых саженцев и высадить в сельских округах.

Кроме того, в этом году будет устелено 23 тыс. квадратных метров зелёного газона. Отделом жилищно-коммунального хозяйства города был объявлен открытый конкурс, определены подрядные организации.

«Они в настоящее время начали подготовку земли. Основные работы начнутся в мае», – сообщает пресс-служба акима города.

Автор: Виктор Сутягин

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх