ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
- Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар.
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және есеп берудің нысаны.
- Профилактикалық бақылау.
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар.
- Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар.
- Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
- Экологиялық аудит.
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
- Экологиялық ақпарат беру.
- Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу.
- Экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік және т. б.
Іс-шараға «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.
РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» МЭГПР РК с 18 по 20 сентября 2019 года в г. Нур-Султане проведен обучающий семинар на тему «Государственный контроль в области охраны окружающей среды и природопользования».
На семинаре рассматривались следующие вопросы:
- Государственный экологический контроль и требования к отчетности по результатам производственного экологического контроля.
- Форма плана мероприятий по охране окружающей среде и отчетности.
- Профилактический контроль.
- Сопровождение подсистемы Государственного кадастра отходов производства и потребления.
- Практические рекомендации по выполнению законодательных требований в области аналитического государственного экологического контроля.
- Автоматизированная система мониторинга.
- Экологический аудит.
- Применение информационных технологий в мониторинге окружающей среды и природных ресурсов.
- Предоставление экологической информации.
- Внедрение Регистра выбросов и переноса загрязнителей в Казахстане.
- Административная ответственность за нарушения экологических норм и требований и др.
В мероприятии приняли участие представители ТОО «Северо-Западная трубопроводная компания «МунайТас», ОФ «Kazakhstan Innovations», АО «Казахский университет технологии и бизнеса», РГП на ПХВ «Карагандинский государственный университет имени академика Е. А. Букетова» МОН РК, ОФ «Актюбинский Орхусский Центр»,
В ходе работы семинара его участники ознакомились с проектом Экологического кодекса Республики Казахстан в новой редакции с последними изменениями и дополнениями, а также с локальной базой нормативно-правовых актов в области охраны окружающей среды «ЭкоИнфоПраво».
По окончанию семинара участникам были вручены свидетельства.
Учитывая актуальность тематики и постоянно растущий интерес природопользователей и государственных органов, РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» МЭГПР РК планирует проведение обучающих семинаров продолжить.
