ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 7-9 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
- Парниктік газдарды реттеу саласындағы есептілік пен парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар беру;
- Қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықтарды әкелуді экологиялық реттеу;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару;
- Экологиялық менеджмент;
- Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингі;
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
- Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
- Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу;
- Экологиялық аудит;
- Профилактикалық бақылау және т. б.
Семинарға «Казгипронефтетранс» Инжиниринг компаниясы» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС өкілдері қатысты.
Қатысушыларға соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасы ұсынылды.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.
РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» МЭ РК провело обучающий семинар с 7 по 9 августа 2019 года в г. Нур-Султан на тему «Управление отходами производства и потребления».
На семинаре были рассмотрены следующие вопросы:
- Отчетность в сфере регулирования парниковых газов, выдача дополнительных квот на выбросы парниковых газов;
- Экологическое регулирование ввоза технологий, техники и оборудования для переработки отходов;
- Управление отходами производства и потребления;
- Экологический менеджмент;
- Государственный экологический контроль и требования к отчетности по результатам производственного экологического контроля;
- Мероприятия по охране окружающей среды и требования к ним;
- Космический мониторинг мест размещения отходов производства и потребления;
- Применение информационных технологий в мониторинге окружающей среды и природных ресурсов;
- Ведение Государственного кадастра отходов производства и потребления;
- Внедрение Регистра выбросов и переноса загрязнителей в Казахстане;
- Экологический аудит;
- Профилактический контроль и др.
На семинаре приняли участие представители ТОО «Инжиниринговая компания «Казгипронефтетранс», ТОО «Казфосфат», ТОО «Құрылысмет», ОО «Human Health Institute», ТОО «Добывающее предприятие «Орталык».
Участникам предоставлен Экологический кодекс Республики Казахстан, с последними изменениями и дополнениями, а также локальная база нормативно-правовых актов в области охраны окружающей среды «ЭкоИнфоПраво».
По окончанию семинара участникам были вручены свидетельства.
Учитывая актуальность тематики и постоянно растущий интерес природопользователей, а также других государственных органов РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» МЭ РК планирует продолжить проведение обучающих семинаров.
