
Бүгінгі таңда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі әлем бойынша 40 тан астам елде енгізілді немесе енгізілу үстінде. Олардың ішінде Еуропалық одақ елдерін және Жапонияны атап айтуға болады.
Еуропалық ЛШТТ (Е-ЛШТТ) енгізу және жүзеге асыру 2007 жылы басталды және бүгінгі таңда қоршаған орта туралы оңай қол жетімді негізгі деректерді ұсынады. Е-ЛШТТ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия және Швейцариямен қоса, Еуропалық одақтың 28 мүше-елдерін қамтиды. Тіркелім 30 000-нан астам өнеркәсіптік кәсіпорынмен жыл сайын ұсынылған деректерден тұрады. Әрбір объектімен ауаны, суды және топырақты 91 ластауыш заттың шығарындылар саны, сонымен қатар кәсіпорын аумағынан тыс ағынды суларға қалдықтар мен ластауыш заттарды тасымалдау туралы ақпарат ұсынылады. Есептілікті ұсынуға қажетті ластауыштар құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштар (пестицидтер, диоксиндер және т.б.), ауыр металдар, парниктік газдар және басқа органикалық және бейорганикалық химиялық заттар кіреді. Е-ЛШТТ қағидалары мен нұсқаулығы 2006 жылы әзірленген, соған байланысты сол уақыттың техникалық және ғылыми түсінігі көрініс табады. Екі құжат да бірінші басылымнан бері өзгерген жоқ. Сонымен бірге, Еуропалық Комиссия Еуропалық Одақтың өндірістік шығарындылар жөніндегі директивасын толық бағалауды талап етеді, соған байланысты «Е-ЛШТТ шолу және тиісті нұсқаулық» жобасы басталды. Жалпы алғанда, Еуропалық ЛШТТ экологиялық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету және экологиялық шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы үшін жақсы дамыған құрал болып табылады.
ЛШТТ табысты енгізі мен іске асырудың тағы бір мысалы Жапониямен көрсетілді. 1999 жылы «ЛШТТ және химиялық заттарды реттеуге ықпал ету туралы заң» қабылданды. Жапонияда химиялық заттарды реттеуді жүзеге асыру ЛШТТ және қауіпсіздіктің ақпараттық картасын (SDSs – safety data sheet system) жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Заңға сәйкес кәсіпорындар І-ші класқа жатқызылған 462 химиялық зат бойынша есептілікті ЛШТТ-қа және қауіпсіздіктің ақпараттық картасына ұсынулары қажет. Олардың ішінде канцерогенді қасиетке ие 15 зат ерекше белгіленген. ІІ класқа жатқызылған 100 зат бойынша Жапонияда қауіпсіздіктің ақпараттық картасын енгізу шеңберінде есептілікті ұсынуы қажет. Жапонияда инфографика және иллюстрацияны белсенді қолдану арқылы көптеген мақалалар, шаблондар және нұсқаулықтар әзірленгендіктен ЛШТТ туралы халықты хабардар етуді және шынымен ақпаратты қол жетімді түрде ұсыну жақсы дамыған құралы бар.
Елдерде ЛШТТ енгізу – бұл жан-жақты тәсілді талап ететін жұмыс екендігін, оның мақсаты қоршаған орта жағдайын және халықтың денсаулығын жақсарту болып табылатынын басқа елдердің тәжірибесі көрсетеді.

На сегодняшний день более 40 стран по миру внедрили или находятся на стадии внедрения Регистра Выбросов и Переноса Загрязнителей. Среди них можно выделить страны Европейского союза и Японию.
Внедрение и реализация европейского РВПЗ (Е-РВПЗ) началась в 2007 году и на сегодняшний день предоставляет легкодоступные ключевые данные об окружающей среде. Е-РВПЗ охватывает 28 государств-членов Европейского союза, включая Исландию, Лихтенштейн, Норвегию, Сербию и Швейцарию. Регистр содержит данные, ежегодно предоставляемые более чем 30 000 промышленными предприятиями. Каждым объектом предоставляется информация о количестве выбросов 91 загрязняющего вещества в воздух, воду и почву, а также о переносе отходов и загрязняющих веществ в сточные воды за пределы территории предприятий. Загрязнители, по которым необходимо предоставлять отчетность, включают стойкие органические загрязнители (пестициды, диоксины и т.д.), тяжелые металлы, парниковые газы и другие органические и неорганические химические вещества. Правила и руководство Е-РВПЗ были разработаны в 2006 году, в связи с чем отражают техническое и научное понимание того времени. Оба документа не были изменены с момента первой публикации. Наряду с этим Европейская комиссия сделала заключение о необходимости более полной оценки Директивы Европейского союза о промышленных выбросах, в связи с чем было инициирован проект «Обзор Е-РВПЗ и соответствующее руководство». В целом, европейский РВПЗ является достаточно развитым инструментом по обеспечению прозрачности экологических данных и участию общественности в принятии экологических решений.
Еще один пример успешного внедрения и реализации РВПЗ демонстрирует Япония. В 1999 году был принят «Закон о РВПЗ и содействии регулированию химических веществ». Регулирование химических веществ в Японии осуществляется через ведение РВПЗ и информационной карты безопасности (SDSs – safety data sheet system). В соответствии с законом, предприятия должны предоставлять отчетность по 462 химическим веществам, отнесенным к I классу, и в РПВЗ, и в информационную карту безопасности. Среди них особенно выделены 15 веществ, обладающие канцерогенными свойствами. По 100 веществам, которые отнесены ко II классу, в Японии необходимо предоставлять отчетность в рамках ведения информационной карты безопасности. В Японии очень развит инструмент повышения степени осведомленности населения о РВПЗ и предоставления информации в действительно доступном виде, поскольку разработано очень много статей, шаблонов и руководств с активным применением инфографики и иллюстраций.
Опыт других стран показывает, что внедрение РВПЗ в странах – это трудоемкая, требующая всестороннего подхода работа, цель которой улучшить состояние окружающей среды и здоровья населения.
