Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 27 қарашада Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» форматында «Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының отырысы өтті.
Аталған іс-шараға 80-нен астам қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.
«Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының мақсаты Қазақстанның 6, 12, 13, 14 және 15-мақсаттарға қол жеткізу көзқарасымен және тәсілдерімен танысу, 2019 жылғы маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстыру жоспарланған тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық шолудың негізіне алынуы мүмкін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбай климаттың өзгеруі және қалдықтарды тұрақты басқару мәселелері бойынша 13 және 12-мақсаттарды ұсынды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары су саясатының жүргізіліп жатқан реформалары бойынша ақпарат берді, 6-Мақсат.
Сумен қамтамасыз ету және санитария мәселелері бойынша (6-мақсат) есепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары ұсынды.
Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері сөйлеген сөзінен кейін қорытынды жасалып, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.
Источник: www.energo.gov.kz
Заседание отраслевой сессии Рабочей группы «Планета» в формате «круглого стола» состоялось 27ноября 2018 года под председательством Министра энергетики К.А. Бозумбаева.
На данном мероприятии приняли участие более 80 представителей общественности, государственных органов и бизнеса.
Целью отраслевой сессии рабочей группы «Планета» является ознакомление с видением и подходами Казахстана к достижению Целей 6, 12, 13, 14 и 15, выработка рекомендаций, которые могут быть положены в основу национального обзора по Целям устойчивого развития, презентация которого запланирована на политическом форуме высокого уровня Генеральной Ассамблеи ООН в июне 2019 года.
Вице-министр энергетики С.Нурлыбай представил видение по вопросам изменения климата и устойчивого управления отходами, Цели 13 и 12.
Заместитель председателя Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан представил информацию по проводимым реформам водной политики, Цель 6.
По вопросам водообеспечения и водоотведения (Цель 6) отчет представлен заместителем Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
После выступлений государственных органов и общественности проведены итоги и даны рекомендации для дальнейшей работы.
