[:kz]Оралда эксперименталды бақ алғаш рет өнім берді [:ru]Садовод-любитель на собственные средства восстанавливает яблоневый сад в Уральске

Дереккөз: www.24.kz

Батысқазақстандық бағбан Қайрат Кәрімов Ақжайықтың аптап ыстығы мен аязына бейімделген, жергілікті ауа райында жоғары өнім беретін жеміс түрлерін анықтап, будандастырмақ.

Осы мақсатта ол алманың 150, жүзімнің 120 түрін сынақтан өткізуде. Жалпы аумағы 5 гектар алқапты алып жатқан эксперименталды бақ биыл алғаш рет өнім берді.

1900 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде Оралдың алмасы бірінші орынды иеленіп, алтын медаль алған. Бұл әйгілі Алматы апортының атағы шықпастан 13 жыл бұрын болған. Күрт континентальды ауа райында өскен оралдық өнім биохимиялық құрамы мен антиоксиданттар деңгейімен ерекшеленеді екен. Бағбан Қайрат Кәрімов жергілікті жемістің осы бұрынғы даңқын қалпына келтіруді көздейді.

Қайрат Кәрімов, бағбан:

– Селекционерлерде мынадай түсінік бар. «Алма екінші отанын тапты» деген. Мәскеуде бір селекционер шығарса, Екатеринбургте ана жақта өзін басқаша көрсетуі, бізге келгенде өзін басқаша көрсетуі, жақсы сорт болып кетуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде басқа сортты бізде де зерттеген дұрыс.

Эксперименталды бақ Мичуриннің ізбасары Сергей Исаевтың есімімен аталады. Себебі мұнда селекционердің шығарған барлық алма түрі егілген. Америка мен Еуропалық жеміс сорттары да бар. Мақсат – алманың мол өнім беретін жаңа түрін анықтап, халыққа ұсыну. Себебі бұрыннан келе жатқан жемістердің өнімділігі қазіргі талапқа сай емес, – дейді бағбан.

Қайрат Кәрімов, бағбан:

– 7 аудандастырылған сорт бар. Олар деген қазір ескірді. Моральді ескірді. «Грушевка» болса «парша» деген аурумен ауырады. «Беркутовка» 34-тен түссе, үсіп кетеді. Оларды қазір жаңарту керек. Сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. 150 сорт алма, 120 сорт виноград өсіп жатыр.

Өткен ғасырда Орал өңірінде 700-дей алма бағы болыпты. Алайда бүгінде аталған жемістің жалпы аумағы 706 гектарды ғана құрайды. Оның 508 гектары жеке тұрғындардың ауласында. Соңғы 6 жылда жаңадан бірде-бір алма бағы егілмеген. Алайда мамандар алма шаруашылығы алдағы уақытта дамитынына сенімді. Себебі биылдан бастап әр гектарға төленер демеуқаржы 10 еседен артыққа өскен.

Қуанышқали Есімов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Жылдың қорытындысы бойынша 2660 тонна өнім алынған. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан алма бақ салған инвесторларға 4 млн 407 мың теңге бір гектарға сусбидия төленеді. Сонымен қатар әрбір салынған көшет бойынша егер ол мемлекеттік реестрге енген болса, 315 төленеді, егер реестрге енбеген болса, 135 теңге төленеді.

Алма бағының салынғанына биыл тек 4 жыл болса, оралдық бағбанның жүзім еккеніне 10 жылдан асыпты. Осы жылдар ішінде Орал өңірінде жақсы жеміс берер жүзім түрлері де анықталыпты.

Қайрат Кәрімов, бағбан:

– Бұрында бізде негізінен изабельный сорттар болды кішкентай. Жаңа өзіңіз көрдіңіз, «Преображение» деген, «Ливия», «Байконур» деген сорттар өте жақсы көрсетіп тұр. Мына «Граф Монте Кристо» деген сорт бар, өте жақсы көрсетіп жатыр.

Бүгінде Оралдық бағбан Ресей, Тәжікстан, Татарстандағы ғылыми-зерттеу инстиуттарымен, ботаникалық бақтармен тығыз байланыс орнатқан. Осы ғылыми жұмыстардың бәрін ол өз қаржысына жүзеге асыруда.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Р.Ғазезов

Источник: www.24.kz

В Уральске восстанавливают яблоневые сады. В начале прошлого века их в пригороде насчитывалось до 700.

А уральский анис даже завоевывал золотую медаль на всемирной сельскохозяйственной выставке в Париже. Сейчас в пригородном поселке Октябрьское возрождают 3 сада. Садовод-любитель Кайрат Каримов заложил коллекционный питомник. На участке площадью 5 гектаров он высадил 140 сортов яблонь белорусской и американской селекции. В этом году получил первый урожай.

Кайрат Каримов по натуре большой энтузиаст. Другой на его месте давно бы сдался. А он уже пять лет на собственные средства закладывает сад. Сегодня глядя на стройные рядки молодых яблонь и представить себе трудно, что здесь был заброшенный участок. Садовод выкорчевал все старые деревья и пни, провел на территорию воду и электричество.

Кайрат Каримов, садовод-любитель:

– Садоводство требует огромного труда. Здесь такой быстрой прибыли нет. На эту прибыль мы даже не рассчитываем. Человек должен любить садоводство, вкладывать  душу, работать. Сами работаем с утра до вечера. Работать одно, еще надо брать знания.

Поэтому вместе с супругой поступили в аспирантуру, пишут научную диссертацию на тему «Сортоизучение, размножение, испытание». В их питомнике собрана полная коллекция сортов яблок, выведенных выдающимся селекционером 20 века Сергеем Исаевым. Кстати, его имя носит сад. Все эти 140 сортов яблок будут испытаны здесь, чтобы в дальнейшем вывести новые виды, приспособленные к местному климату. Энтузиасту помогают учёные ведущих научно-исследовательских институтов России, Татарстана и Таджикистана.

Кайрат Каримов, садовод-любитель:

– Районированные 7 сортов уже устарели. Например, беркутовка, она замерзает, если ниже минус 3-4 градусов. Московская грушовка болеет. И поэтому надо уже выводить новые районированные сорта, которые более урожайные, устойчивые к заболеваниям, хорошие по вкусовым качествам, периодичности плодоношения.

Раньше только в Пригороде Уральска насчитывалось 700 садов. Сейчас по всей области садовое хозяйство занимает всего 706 гектаров. Местные садоводы уже много лет не занимались сортообновлением. Но, начиная с этого года, почти в 10 раз увеличилась сумма субсидий, выплачиваемых государством за каждый гектар высаженных плодово-ягодных насаждений. Возможно, это изменит ситуацию.

Куанышкали Исимов, руководитель отдела управления сельского хозяйства ЗКО:

– Закладка одного сада – максимальная сумма субсидирования составляет 4 миллиона 707 тысячи тенге. Кроме этого субсидируется приобретение саженцев. Если саженцы входят в государственный реестр РК, то выплачивается за один саженец 315 тенге, если не входит в реестр – то 135 тенге.

Ну а в питомнике у Кайрата Каримова уже плодоносят 120 видов винограда. В планах садовода-любителя высадить здесь множество сортов персиков, орехов и даже разных видов экзотических и редких растений. Чтобы его сад сохранился на долгие века для будущих поколений.

Авторы: Асель Русалиева, Руслан Газезов, Канат Махмутов

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх