Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 29 маусымда Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, CERN тарапынан – осы ұйымның Бас директоры Фабиола Джанотти қол қойды.
Ынтымақтастық туралы халықаралық келісімге бар ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандарына CERN ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін негіз салу мақсатында қол қойылды.
Қазақстанның CERN шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастығы еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта оң имиджін қолдау үшін үлкен мәнге ие екендігін атап өту қажет, ол өз кезегінде елдің ғылыми және инновациялық потенциалының дамуына әсерін тигізеді.
Жалпы CERN-мен ынтымақтастық теория мен тәжірибені біріктіруге, осылайша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Маңызды тұсы: CERN-ге қатысушы елдердің жылдық жарнасы жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Мүше-мемлекеттің жыл сайынғы белгіленген жарнасы 13-14 млн.долларды құрайды. Бүгінде Германия (200 млн. евродан жоғары), Франция, Ұлыбритания және Италия (100 млн. евродан жоғары) ірі донор болып табылады.
Қазақстан, өз кезегінде осындай ірі соманы төлемей-ақ CERN-нің түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізуге қатысатын мүмкіндікке ие болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.
Келісімге қол қойғаннан кейін Қазақстанның жас ғалымдары мен мамандары қолданыстағы қондырғыларда тағылымдама өтуге және ең ірі жобасы үлкен адрон коллайдері болып саналатын Ұйымның қондырғыларында жүргізілетін бірлескен тәжірибелеріне қатысуға мүмкіндік алады.
Жыл сайын еліміздің 50-ден аса магистр мен PhD докторлары CERN-ң түрлі қондырғыларында бірегей зерттеулер жүргізетін болады, осылайша ядролық физика саласындағы озық әрі ең жаңа технологияларды қамтамасыз етеді.
Сапар барысында қазақстандық делегация әлемдегі ең ірі эксперименталды қондырғы үлкен адрон коллайдерімен танысты. Аталған қондырғыны құру және зерттеу жұмысына 100-ден астам мемлекеттен құралған 10 000 астам ғалым мен инженерлер тобы қатысады.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз сөзінде: «Қазақстанда казіргі уақытта ядролық ғылым мен техника саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер дамуда. Зерттеулерде Ядролық физика институты және ҚР Ұлттық ядролық орталығымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Физика-техникалық институтының ғалымдары белсенді қатысады. Осы келісім үлкен мәртебеге ие болып, іргелі ядролық физика саласындағы ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін болады», – деді.
Сондай-ақ, ол Қазақстан ғалымдарының атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы қызметтің негізгі бағыттары ядролық физика бойынша іргелі зерттеулер, қарапайым бөлшектер физикасы және жоғарғы энергиялар физикасы, қатты денелердің радиациялық физикасы, ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану болып табылатынын атап өтті.
Министр «Ядролық физика институты 2010 жылдан бастап Қазақстанның және ТМД жас мамандары үшін бірлескен CERN мектептерін ұйымдастырады. Астана, Дубна және CERN қалаларында 3 мектеп өткізілді (барлығы 80 артық жас ғалымдар тағылымдамадан өтті). Қазақстанда тағы келесі 4-ші мектепті ұйымдастыру жоспарлануда. Экзотикалық ядролар қасиетін зерттеу, сондай-ақ болашақ ядролық реакторлардың конструкциялық элементтеріне жоғары дозалы сәуленің тигізетін әсерін зерттеу бойынша бірлескен тәжірибелерді талқылау жүргізілуде» – деп қорытындылады.
нықтама.Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы қарапайым бөлшектер физикасын зерттеу саласындағы жетекші халықаралық ұйым болып табылады. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.
Соғыстан кейінгі физиканың пионерлері Рауль Дотри, Пьер Оже, Лев Коварски, Эдоардо Амальди и Нильс Бор физикалық тәжірибелерді зерттеу үшін біртұтас ұйым құрудың қажеттігі туралы мәлімдеді. Еуропа мәдениет конференциясында (Лозанна қаласы, Швейцария, 1949ж.) Луи де Бройль еуропалық зертхана құруды ресми түрде ұсынды. 1951 жылы желтоқсанда Париж қаласында өткен ЮНЕСКО үкіметаралық кездесуінде Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымын құру туралы шешім қабылданды. 1953 жылғы 29 маусым 1 шілде аралығында Парижде 12 еуропа мемлекеттерінің өкілдері CERN құру жөніндегі келісімге қол қойды. Ұйым 1954 жылы 29 қыркүйекте құрылды.
Қазіргі уақытта CERN-ге 22 мемлекет мүше болып табылады. Одан басқа, кейбір елдер және халықаралық ұйымдар бақылаушы статусына ие. CERN-де 2400 жуық адам тұрақты жұмыс істейді, және 113 елдің 580 университеттері мен институттарынан
10 мыңнан астам физик пен инженерлер CERN-ң халықаралық тәжірибелеріне қатысып, сонда уақытша жұмыс істеуде.
Источник: www.energo.gov.kz
29 июня 2018 года в Женеве (Швейцария) в рамках визита казахстанской делегации состоялось подписание Соглашения о международном сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Европейской организацией по ядерным исследованиям (CERN) относительно научно-технического сотрудничества.
С казахстанской стороны документ подписал Министр энергетики Республики Казахстан Канат Бозумбаев, со стороны CERN – Генеральный директор Фабиола Джанотти.
Международное соглашение о сотрудничестве подписано с целью укрепления имеющегося сотрудничества и создания базы для обеспечения возможности участия для ученых, инженеров, студентов и технических специалистов из Казахстана в научно-исследовательских проектах CERN на долгосрочной основе.
Необходимо отметить, что научное сотрудничество Казахстана в рамках CERN имеет большое значение для поддержания положительного имиджа нашей страны в мировом сообществе, что повлияет на развитие научного и инновационного потенциала страны.
В целом сотрудничество с CERN позволит объединить теорию и эксперимент, и тем самым повысить качество проводимых фундаментальных и прикладных исследований.
Важный момент: Годовые взносы стран-участников CERN составляют около 1,2 млрд. долл. США. Фиксированный ежегодный членский взнос государства-члена составляет порядка 13-14 млн долл. На сегодняшний день крупными донорами являются Германия (свыше 200 млн. евро), Франция, Великобритания и Италия (свыше 100 млн.). А ассоциированные члены – платят уменьшенный взнос. Фиксированный ежегодный взнос 1,4 млн долл.).
Казахстан, в свою очередь, не оплачивая такие огромные суммы, получит возможность участвовать в проведении уникальных исследований на различных установках CERN, тем самым обеспечивая передовые и новейшие технологии в области ядерной физики.
После подписания Соглашения молодые ученые и специалисты Казахстана получат возможность проходить стажировку на действующих установках и участвовать в совместных экспериментах, проводимых на установках Организации, крупнейшим проектом которой считается большой адронный коллайдер.
Ежегодно более 50 магистров и докторов PhD нашей страны будут проводить уникальные исследования на различных установках CERN, тем самым обеспечивая передовые и новейшие технологии в области ядерной физики.
В ходе визита казахстанская делегация ознакомилась с самой крупной экспериментальной установкой в мире – большимадронным коллайдером. В строительстве и исследованиях данной установки участвуют свыше 10 000 ученых и инженеров более чем из 100 стран.
«В настоящее время в Казахстане активно развиваются фундаментальные и прикладные исследования в сфере ядерной науки и техники. В исследованиях активно принимают участие наряду с Институтом ядерной физики ученые из Казахского национального университета им. Аль-Фараби, Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева и Физико-технического института МОН РК. Это соглашение будет иметь большой статус и повысит уровень сотрудничества в области фундаментальной ядерной физики», – сказал министр энергетики РК Канат Бозумбаев.
Также он отметил, что основными направлениями деятельности ученых Казахстана в области мирного использования атомной энергии являются фундаментальные исследования по ядерной физике; физике элементарных частиц и физике высоких энергий; радиационная физика твердого тела; прикладные исследования по ядерной физике; разработка и применения ядерных технологий в энергетике, промышленности, сельском хозяйстве и медицине.
«Институт ядерной физики, начиная с 2010 года, организовывает совместные школы ЦЕРН для молодых специалистов Казахстана и СНГ. Проведены 3 школы: в Астане, Дубне и ЦЕРН (всего прошли стажировку свыше 80 молодых ученых). Запланировано проведение следующей 4-ой школы в Казахстане. Ведутся обсуждения совместных экспериментов по изучению свойств экзотических ядер, а также по изучению воздействия высоких доз облучения на свойства конструкционных элементов перспективных ядерных реакторов», – подытожил министр.
Справочно. Европейская организация по ядерным исследованиям является ведущей мировой организацией в сфере исследований физики элементарных частиц. Ее штаб-квартира находится в Женеве (Швейцария).
Послевоенные пионеры по физике Рауль Дотри, Пьер Оже и Лев Коварски во Франции, Эдоардо Амальди в Италии и Нильс Бор в Дании заявили о необходимости создания единой структуры для физических экспериментальных исследований. Луи де Бройль официально предложил создать европейскую лабораторию на Европейской культурной конференции (г. Лозанна, Швейцария, 1949 г.). На межправительственной встрече ЮНЕСКО в Париже в декабре 1951 г. было принято решение о создании Европейского совета по ядерным исследованиям. Соглашение по образованию ЦЕРН было подписано в Париже 29 июня − 1 июля 1953 года представителями 12 европейских стран. Организация была образована 29 сентября 1954 года.
В настоящее время членами CERN являются 22 стран. Кроме того, некоторые страны и международные организации имеют статус наблюдателя. В ЦЕРНе постоянно работают около 2400 человек, еще более 10 тыс. физиков и инженеров из 580 университетов и институтов из 113 стран участвуют в международных экспериментах CERN и работают там временно.

