[:kz]Қазақстанда киік санағы басталды [:ru]Авиаучёт устюртской популяции сайги ведут в Актюбинской области

Дереккөз: www.24.kz

4015084624fff255bbaaea4f8419fadb_l

Ақтөбе облысында киік санағы басталды. Алдымен Үстірт даласындағы жануарлар басты назарға алынады.

Өткен жылы ақбөкендер саны елімізде шамамен 152 мың болса, оның тек үш мыңға жуығы осы Үстіртті мекендейді екен. Жалпы мамандар соңғы жылдары киік санының артып келе жатқандығын айтады.

Иен далада қозғалған қараны лезде байқайтын қорықшылар санақ жүргізгенде керек-ақ.

Үстіртті де бес саусағындай біледі. Сондықтан есептеу әдісін санаулы минуттарда игеріп, көп айналмай ұшақ Маңғыстау облысына қарай бет алды. Үстіртті мекендейтін киік Бетпақ даласы мен Орал популяциясынан әлдеқайда аз. 2015 жылғы жаппай қырылғаннан кейін бұл жерде шамамен үш мың бас ақбөкен қалған. Жануарлардың бейқам жайылып, еркін төлдеуіне де кедергі көп.

Штеффан Цупер, «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі:

– Үстіртті мекендейтін киік үшін қиындық бар. Қару кезеген браконьерлер өз алдына, жайылым жерлері де азайған. Осыдан бірнеше жыл бұрын салынған теміржол –жануарлардың оңтүстікке аймаққа өтуіне кедергі. Сондықтан киіктер қыстың күні солтүстіктегі жайылымда қалуға мәжбүр.

Санақ кезінде қос аяқты көлікті ерттеп мінген күдіктілер де кезікті. Мамандар қылмыскерлер деп пайымдады. Сондықтан бір топ инспектор жедел із кесуге аттанды.

Сәбит Дүйсекенов, «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының директоры:

– Бұл ақпардың анық-қанығын анықтауға арнайы топ аттанды. Олар аң атуға шыққан браконьерлер болуы да мүмкін. Үй жануарларын іздеген жергілікті тұрғындар да болуы ғажап емес.

Маңғыстау мен Ақтөбе облысында жайылатын жануарларды қорғауға 20 қорықшы жұмылдырылған. Өткен жылы Үстіртте киікті атып, мүйізін кесіп алып жүрген 4 топты қолға түсірген. Қорықшылар саны аз болғанымен, иен даланы мылтық асынған қылмыскерлерден қорғау үшін күні-түні дамыл таппайды.

Нұрлыбек Сүлейменов, «Охотзоопром» РМҚК облыстық филиалының инспекторы:

– Он болады, он бес болады, топ-топ болыпғ Үстіртке шығады, киікке шығады. Мүйіз деген бәле болды ғой бізге. Мүйізге бола шығады. Соны қорғап жатырмыз. Қазір жайлап өсіп келе жатыр.

Алғашқы барлау болашақ ұшу бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Жануарлардың жайылымдары белгілі болды. Санақтың бірінші күні екі жүзден астам жануар көзге ілінген.

Александр Путилин, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының аға қорықшысы:

– Көкке көтеріліп, киіктердің қыр-жоталарға жақын жүргендігін анықтадық. Енді шамамен 50 сағат ұшу жоспарымызда бар. Сосын Батыс Қазақстан облысындағы киіктерді түгендейміз.

Үстірттегі санақ он тәулікте тәмамдалуы тиіс. Алда құралайдың желі басталып, киіктер төлдейді. Бастысы – күзетті күшейту. Сонда ғана санаулы жыл ішінде ақбөкендер саны бірнеше есе артуы әбден мүмкін.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

  Источник: www.24.kz

4015084624fff255bbaaea4f8419fadb_l

В Актюбинской области ведут авиаучёт устюртской популяции сайги. Задача на сегодня: определить на сколько увеличилась самая малочисленная популяция этих краснокнижных животных.

Первые вылеты порадовали защитников дикой природы. Сайга на территории плато Устюрт стала встречаться чаще. Но вместе с тем не дремлют и браконьеры.

У каждого на воздушном судне своя задача. Учёт ведут по специально разработанной методике. В прошлом году общая численность сайгаков, по данным минсельхоза, составила 152 тысячи особей. Это на 41% больше чем в 2016 году.

Елена Устимович, корреспондент:

– Высота в 150 метров над землёй является оптимальной для проведения подобных видов работ. Из иллюминаторов хорошо видны небольшие стаи диких животных. На вооружении специалистов новые технологии. Всё происходящее на земле фиксируют на фото и видео съёмку.

Но вот в объектив установленной камеры попадает мотоцикл. Инспектор Охотзоопрома достаёт бинокль. Два пассажира, казалось бы для степной местности ничего особенного. Возможно, местные жители ищут потерянный скот. Но вот только ближайший населенный пункт в сотнях километрах от этого места. На задержание браконьеров, отправляют группу инспекторов.

Сабит Дуйсекенов, директор АФ РГКП «Охотзоопром»:

– На сегодняшний день разрабатывается вопрос о создании оперативной группы, а именно по усилению охраны сайгаков Бетпакдалинской, а также устюртской популяции. Силами Охотзоопром Актюбинского регионального филиала охрана усилилась. За прошлый год более 4 выявленных уголовных дел, все лица наказаны, штрафы оплачены, получили все сроки.

Только в первый день облёта специалисты насчитали более 200 голов сайги. Впереди ещё много работы, но уже очевидно, численность степных антилоп продолжает расти.

Александр Путилин, старший охотовед Казахстанской Ассоциации сохранения биоразнообразия:

– Облёт показал, что сайга сконцентрирована ближе к чинкам. Поэтому галсы будем планировать, согласно этих концентраций. Здесь планируем провести 50 часов, дальше будет проводить учёт западноказахстанской популяции.

Однако расслабляться ещё рано, считает международный координатор из Германии Штеффан Цупер. Он уже больше 10 лет занимается охраной сайги в Казахстане.

Штеффан Цупер, международный координатор природоохранной Инициативы «Алтын дала»:

– Здесь строили железную дорогу несколько лет назад, эта железная дорога идёт прямо через место обитания сайгаков и она уже не переходит на южную часть, она остаётся здесь, на севере. И не может туда идти, где она обычно зимует.

В Актюбинской области рабочая группа пробудет ещё несколько дней, дальше отправятся в Западно-Казахстанскую область. А для Актюбинского региона наступает не менее ответственный период – время окота. Инспекторы Охотзоопрома внимательно следят за поведением сайги, чтобы, когда придёт время, обеспечить самкам усиленную охрану. Авторы: Елена Устимович, Айнадин Молдабеков

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх