Дереккөз: www.24.kz
Ал оңтүстік қазақстандық кәсіпкер жыл он екі ай саңырауқұлақ өсіріп, табысқа кенеле бастады.
Былтыр 2 мың 780 шаршы метр аумаққа жылыжай салып, мол өнім жинады. Таңсық ас саналатын саңырауқұлаққа бүгінде сұраныс жоғары. Әзірге жиналғанын Алматы, Астана мен Қарағанды қаласына жіберіп жатыр. Жылына үш рет жиналатын саңырауқұлақ ылғалды әрі жылы орынды қалайды. Тұқымы себілген кезде бөлмедегі температура 25 градус болуы тиіс. Сосын төмендетіп, 16 градусқа дейін түсіреді. Поляк технологиясымен өсіріліп жатқан саңырауқұлақ дәруменге бай ағзаға өте пайдалы. Оны ем үшін де қолданады. Кәсіпкердің ендігі мақсаты жылыжайын ұлғайту.
Ақжол Торқабаев, кәсіпкер:
– Тағы да үлкейткіміз бар. Ұрықты да өзіміз жасайтын, торф болады, бетіне төсейтін, оны Москвадан аламыз. Соларды да өзімізде жасасақ деген ниет бар.
Источник: www.24.kz
В Южно-Казахстанской области планируют увеличить площади грибных теплиц.
В Сайрамском районе в хозяйстве Акжола Торкабаева шампиньоны выращивают почти на трех гектарах земли. В прошлом году с этой площади собрали 200 тонн продукции. В этом планируют увеличить производство – теплицы построят еще на пяти гектарах.
Грибы, выращенные по голландской технологии, с удовольствием раскупают не только на местном рынке. Спрос на них есть в Астане, Алматы и в Караганде.
Акжол Торкабаев, предприниматель:
– Мы планируем расширяться. У нас рядом есть свободная земля. Там хотим построить теплицу. А мицелий и торф для нее мы будем готовить сами.

